Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / Ғалымдар "био-тіс" жасап шықты

Ғалымдар "био-тіс" жасап шықты

Ғалымдар

Ғалымдар жоқтан бар жасауды үйреніп келеді. Жасанды тісті барынша мінсіз етуде ағылшын ғалымдарының еңбегін атамай өтсек әділдік болмас еді. Қаралушының тіс үлгісін пайдалана отырып жасалған гибридтің адамның табиғи тісінен өзгешелігі жоқ. Ғалымдар болашақта ауру тістер мен түсіп қалған тістердің орнына жаңа әрі тірі тіс қою мүмкін болады деп болжапты.

Тіс жиегінен алынған жасушалары мен тышқан эмбриондары бойынша жасалып шыққан «гибридті тіс» зертханалық тышқанның жағында өсіріліпті.  

Зерттеушілер адам жағында дәл осылай тіс өсіру мүмкін болатын болса – бұл жаңалық ғылымдағы басты жаңалық болады деп сенеді. Соңғы бірнеше жылда ғалымдар ауру немесе түскен тістің орнына фарфор қалбырын темір қысқыштар арқылы қондыру мәселесімен айналысқан екен.  

«Басты мақсатымыз – тіс өсіретін жасушаларды табу болып отыр. Бұл клеткаларды тапқан соң біз оны науқастың жағына қоныдарамыз. Ал ол өз кезегінде жақпен байланыс жасап, табиғи түрде тіс өсіріп шығарады» деп түсіндіреді Лондонның Корольдік колледжінің профессоры Пол Шарп.

Шарптың айтуынша, «био-тіс» адам тіс жиегінің клеткалары мен тышқанның стволдық жасушаларын араластыру тістің өсуіне ықпал жасап, оның жақпен қабысып кетуіне әсер етеді екен.

Бұл жаңалық стоматологиялық зерттеулер журналында басылған. Ең бірінші био-тісті тіс трансплантологиясында қолдануға болмайды. Себебі оның құрамында жануарлардан алынған заттар бар. Сөйтіп, бұл тәжірибе тірі тіс жасауға болатынын дәлелдеп берген.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: healthinfo.ua

6235 9
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 10 наурыз 2013, 18:40
Пікірлер
+0
10 наурыз 2013, 20:57

шіркін тыртықты кетіретін зиянсыз нәрсе ойлап тапсағооо

+0
10 наурыз 2013, 21:27

бастысы сапалы болсыншы,өте керек нәрсе!байқаймын соңғы буынның тістері тым нашар)

+0
10 наурыз 2013, 22:12

Тезірек осыны іске асырса екен. Меніңше, бұл мүмкін нәрсе.

+0
10 наурыз 2013, 23:06

Тісімді емдету мүкін болмай жатыр еді. Енді міне жаңа тіс салдыртамын :!: :!: :!: :D

+0
11 наурыз 2013, 05:59

керемет. зерттеу тоқтап қалмаса игі

+0
11 наурыз 2013, 09:15

Жақсы екен

+0
11 наурыз 2013, 11:27

Жасап шығарса болашақта бүкіл адамның тісі :D осындай болады ;)

+0
11 наурыз 2013, 19:48

тышқанның жағында өсірілеме :o

+0
13 наурыз 2013, 16:01

Иә, тышқанның жағында өскен тіске таң қалуға болмайды. Кей адамдарға шошқаның мүшелерін де пайдаланады екен. Өмір үшін бәріне барасың. :cry:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...