Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / Айкезбелерді неге оятуға болмайды?

Айкезбелерді неге оятуға болмайды?

Айкезбелерді неге оятуға болмайды?

Жақын туыстарыңыздың, құрбы-құрдастарыңыздың немесе сүйікті жарыңыздың түн ауған шақта ұйқылы-ояу орнынан тұрып кетіп, түрлі әрекеттерге барып жататындығын алғаш көргенде есеңгіреп қалғаныңыз есіңізде ме? О баста үрейіңіз ұшып, қандай әрекет жасарыңызды білмей дал болып қалғаныңызбен, кейіннен көзіңіз де, көңіліңізде үйреніп кетті. Өйткені, бұл бір рет ғана емес, өте жиі қайталанатын құбылыс. Ғылымда оларды - айкезбе (лунатик) деп атайды. Бүгінде жер бетіндегі адамдардың  2,5%-ы айкезбемен "дос болып" отыр.

Көптеген адамдар айкезбелікті психикалық ауру деп санайды. Бұл жаңсақ пікір. Асылында, айкезбелік жүйке жүйесінің бұзылуынан туындайды. Кейде температура жоғарылағанда немесе қатты күйзеліске тап болғанда қайталануы да мүмкін. Және оған шалдығатындардың басым бөлігі балалар мен жасөспірімдер екен. Ересектердің мыңнан бірі ғана ұшырауы мүмкін.

Айкезбеліктің адам денсаулығына айтарлықтай зияны жоқ. Сондықтан, оған өзіңіз тап болсаңыз, артық қобалжудың керегі жоқ дер едік. Алайда, тым жиі қайталанатындығын байқасаңыз, дәрігер мамандардың көмегіне жүгінгеніңіз жөн.

Қағиданы кімнің шығарғандығы әлі белгісіз, әйтеуір, адамдар айкезбелерді оятуға болмайды деген "заң" қабылдап алған. Мұндай түсінік қайдан шықты?

Шындығына келгенде, ондай адамдарды оятып жіберу аса қауіпті емес. Бірақ, түсінде қыдырып жүрген адамды көрсеңіз, оятпаған сізге де, оған да тиімді болмақ. Өзіңіз ойлаңызшы, айдалада оянып кеткен адам не болып жатқандығын білмей, ми соққысын алуы мүмкін емес пе? Ол сізді танымай, ұрып немесе итеріп жіберуі мүмкін. Көптеген айкезбелердің ұйқылы-ояу асханаға тамақ жасауға аттанып, машина айдауға талпынатындығы дәлелденген. Айкезбе баспалдақта, балконда, шатырда жүргенде оятамын деп әуре болмаңыз. Трагедиямен аяқталуы мүмкін.

Мамандар жағдайдың ең тиімді шешімі - айкезбені ақырын, мұхияттылықпен төсегіне алып барып жатқызу екендігін айтып отыр.

Суреттер: kpravda.com 

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

3240 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 01 наурыз 2013, 17:18
Пікірлер
+0
01 наурыз 2013, 17:58

:? :? :? :?

+0
01 наурыз 2013, 18:30

тагы бiр онай адiсi-айкезбе адамнын тосегiнiн жанына салкын(сулы) шуберек немесе салкын су койып кою керек. Аягымен баскан кезде уйкысы ашылып кетедi

+0
01 наурыз 2013, 18:33

айкезбе деп естігенім болмаса көрмеппін

+0
01 наурыз 2013, 18:35

Ұйықтаватқан қыз әдемі екен ;)

+0
01 наурыз 2013, 22:42

уйыкыдагы кыздын колы жун жун екен

+0
02 наурыз 2013, 08:57

Бұрын бала күнімде болған менде, әпкемде де болған. Кейін үлкейгесін басылып кетті. Бізді көбіне әкеп жатқызып қояды екен ақарын

+0
02 наурыз 2013, 14:05

Қорқам мен айкезбелерден.

+0
02 наурыз 2013, 14:57

мен де естигенмин бирак корген жокпын али

+0
03 наурыз 2013, 02:06

"телефонды бас жаққа алып жатуға болмайды :!: "

+0
04 наурыз 2013, 18:59

анау қыз өтірік ұйықтап жатыр)

+0
04 наурыз 2013, 22:28

туыс сіңлім айкезбе болатын. Кішкентайымда қатты қорқушы едім. Арада қанша жыл өтсе де, ол жаққа қыдырып барсам, қонбай қайтып кетем. Көзбен көрген қорқынышты. Не дегенмен, түн ғой :|

+0
13 наурыз 2013, 16:11

Бір рет ауызғы бөлмеде тұрып тұрған жерімнен оянғам. Одан кейін байқалмады.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...