Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / Тірліктегі «жан алғыш» төрт мезгіл

Тірліктегі «жан алғыш» төрт мезгіл

Тірліктегі «жан алғыш» төрт мезгіл

Өлім-жітімнің, түрлі аурулардың және адам денесіне аяқ асты келер қатердің де өз сәті болады. Бұл сәттерде қатер мен ару көп болатыны тағы белгілі. 

  • Бір күндегі «жан алғыш сәт».

 

Таңғы ұйқыдан тұрғаныңызда бір күндегі алғашқы «жан алғыш сәтке» енесіз. Таңғы алты мен тоғыз аралығы. Бұл мезгіл жүрек ауру мен миға қан құйылудың көп кездесетін кезі. Жүрекке таңғы 7-8 шамасында қан жетіспей қалады екен. Ал жүрек ритімінің қалыпсыздығы таңғы 6 мен 9 аралығында көп кезігеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінде жүрек бұлшық етінің буылуынан көз жұмған 4769 адамның көбі осы мезгілде қайтыс болған. Бір күндегі жан алғыш сәттің енді бірі – ақшам мезгілі. Бұл кезде жүрек ауруының қозуы ең жоғары белеске жетеді. Алаң-елеңдегі бұл қатерлі мезгілде қан қысымы мен дене температурасының төмендеуі, қан айналысының баяулауы, қан қоюлық, қан аздық сипатты миға қан құйылу ең көп туылады екен. Халқымыздың «Кешке қарай ұйықтама» деген тыйымының да негізі бар деген сөз.

  • Бір аптадағы «жан алғыш күн»

 

Бір аптаның ішінде дүйсенбі күні жүрек-ми қан тамырлары ауруларының қатерлі сәті саналады. Жүрек-ми қан тамырлары ауруының қозуы және одан жан тапсыру қатері өзге күндегіден 40% жоғары болады екен. Сондықтан да Германия медицина саласы бұл күнді «Түнек дүйсенбі» деп атаған.

  • Бір айдағы «жан алғыш мезгіл»

 

Бір айдағы адам өміріне қатерлі мезгіл көне ай есебі бойынша ай ортасы саналады екен. Мұның астрономия саласымен қатысы бар. Айдағы тартылыс күшінің жоғарылауы оның толған кезіне тура келетінін біраз жұрт жақсы біледі. Теңіз суын өзіне тартып, тасытқаны секілді оның адам денесіндегі сұйықтықтарға да айтарлықтай әсер ететіні дәлелденген. Көне жыл есебіндегі әр айдың ортасы адам денесіндегі қан қысымын төмендетіп, қан тамырдың іші мен сыртындағы парық зорая түседі. Бұл кезде де жүрек-ми қан тамырлары аурулары оңай туылады. Бағзы адамдардың ай толғанда жалбарынып, сиынуының бір негізі осында жатса керек.

  • Бір жылдағы «жан алғыш кезең».

 

Бір жылдағы жан алғыш сәттер ең суық және ең ыстық мезгіл. Жәй сөзбен айтқанда, жазды күні күн ысыған сәтте адам денесіне қатер ең жақын болады. Қыс және көктем мезгіліндегі суық ағыс шілденің ыстығынан кейінгі «жан алғыш» сәт.

Әр жолы суық түскенде ауруханаға түсетіндер мен жан тапсырушылар көбейеді. Бір жылдағы ең қатерлі ай – желтоқсан айы екен. Бұл кездегі көз жұмғандар басқа айдағылардан артық болып, бүкіл өлім-жітімнің 10.4%-ын иелейді.

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: baidu.com

10611 7
Рейтинг: +3

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 27 ақпан 2013, 07:58
Пікірлер
+0
27 ақпан 2013, 09:05

"Беймезгіл уақытта ұйықтама" деп бекер айтпаса керек :roll:

+0
27 ақпан 2013, 10:52

дүйсенбі де желтоқсан да өтті)

+0
27 ақпан 2013, 11:50

"Кунге талас уйыктама" деп мамам урсып отыратын :roll:

+0
27 ақпан 2013, 12:49

Жанымыз аман болсын!

+0
27 ақпан 2013, 14:42

аман болмайық! :lol: :lol: :lol:

+0
27 ақпан 2013, 21:11

бұндайларға көп сенудің қажеті жоқ. Осындайларға сеніп пиғылыңнын ауру шығарып аласың

+0
01 наурыз 2013, 03:33

Әлемде бізге бағынбайтын бір есептік жүйе бары шындық. Талқанымыз таусылған күн кетерміз Алшеке. Сақтансақ сақтайды деп сақтанғанымызбен бәрі бекер.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Оой, осы ма?!
Оой, осы ма?!

Мен мұны "беске" білемін

Армандар
Армандар

Армандарыңыз орындалсын, адастырмасын сіздерді...

ТҮН
ТҮН

Түнде "жын-перілер" оянады деуші еді әжем.....

Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)
Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)

Қызық болған,бұзық болған ауылым :)


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...