Жаттығуларды нәтижелі қылу жолдары

Жаттығуларды нәтижелі қылу жолдары

Күнделікті жаттығулар жасап, спортпен шұғылданып жүрсіз. Алайда көздеген нәтижелер әлі көрінбеді. Арықтауды мақсат етсеңіз, жаттығулардың әсерін тездететін сырларды біліп жүріңіз.

Таразыға тұра бермеңіз

Спортпен шұғылданған алғашқы 3 айда салмағыңыз кемімей, тіпті көбеюі мүмкін. Бұл бұлшық еттердің "оянып", жұмыс жасай бастағанына байланысты. Олар ауырлайды, сәйкесінше салмағыңыз да өседі. Кейін ғана артық салмақ, май кете бастайды. Сондықтан жаттығуларға деген ниетіңіз кетпесін десеңіз, бастапқы кезде жиі таразыға тұрып, өлшене бермеңіз.

Кардио жаттығуларын арттырыңыз

Кардио жаттығулар арықтауға көмектеседі. Сондықтан оларды 15 минут емес, 30-45 минут жасаңыз. Жүгірсеңіз, қолыңызға гантель алып жүгіріңіз, артынан секіртпемен секірсеңіз болады. Алайда бұндай ауыр жаттығуларды жүрегіңіз сау болса ғана жасаңыз.

Плие мен  отыру жаттығуларын жасаңыз

Сан мен аяқ бұлшық еттерін жақсы жаттықтыратын плие мен жартылай отыру жаттығуларын жасаңыз. Жаттығулардың нәтижелігін арттыру үшін, қолға гантель алсаңыз болады.

Когда вы вдыхаете, начинайте опускать бедра к полу. Держите пятки, не отрывая от пола, столько, сколько возможно. Фото: Бенджамин Частин/Великая Эпоха (The Epoch Times)

Плие жаттығуы

Жаңа жаттығуларды игеріңіз

Іш бұлшық еттеріне арналған жаттығулар өте көп, сондықтан оларды жиі ауыстырып тұру қиын емес. Осылайша іштің түрлі жерлерін жаттықтырып, нәтижесінде жаттығулар жиынтығы жалпы жақсы әсер береді. Іш бұлшық еттері бір жаттығуға үйреніп қалады да, оны көп жасаған сайын, аз әсер аласыз. 

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: epochtimes.ru, experto24.pl

С. А