Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / Жүрексіз адам

Жүрексіз адам

Жүрексіз адам

Естеріңізде болса, қолдан жасалған бүйрекпен өмір сүретін Ху Сонвень туралы айтқан болатынбыз. Бүгінгі әңгімеміз де осы тақырып төңірегінде өрбімек. 

2011 жылдың наурыз айында 55 жастағы Крэйг Льюис денесінде ерекше ақуыздардың пайда болуынан жүрек жетімсіздігі ауруымен ажал аузында жатты. Науқастың өмірін сақтап қалуға тіпті кардиостимулятор құрылғысы да көмектесе алмаған еді.

Алайда, «Техас жүрек хирургиясы институтының» екі дәрігері осы бір аурудың алдын алудың жаңа жолын ойлап табады, яғни тамыр соғуы болмаған жағдайда да қан айналымын бір қалыпта ұстап тұратын «үздіксіз ағын» құрылғысын орнату туралы шешімге келеді. 

Билли Кон және Бад Фрейзер есімді дәрігерлер Крэйгтің жүрегін алып тастап, оның орнына аталған құрылғыны орнатады. Жасалған операциядан бар болғаны бір күн өткен соң, науқас өз-өзіне келіп, өз құтқарушыларына өзін жақсы сезініп тұрған хабарлады. Дәрігерлердің айтуынша, тірі адамға құрылғыны орнатпас бұрын, олар бұзауларға 50-ден астам сәтті сынақ өткізіпті.

«Егер стетоскоп арқылы тәжірибе жүргізілетін бұзаулардың көкірек қуысын тыңдар болсаңыз, сіз жүрек соғуын естімейcіз. Ал егер оларды электрокардиограммаға жалғайтын болса, экранда олардың өлгенін білдіретін түзу сызықты көреміз», - дейді дәрігер Кон.

Крэйг Льюистің ақуыз алмасуы бұзылуының өте тез күшейе түскені соншалық, 2011 жылдың наурызында емдеуші дәрігер оған ғажап нәрсе болып кетпесе, онда 12 сағаттан соң бақиға аттанатынын айтқан. Сол себепті дәрігерлер алдын ала науқастың жарының келісімін алған екен.

«Мен құлағыммен оның көкірегіндегі ызыңды естідім, бұл таңғаларлық нәрсе. Ол әлі де бұрынғы кейпінде, бірақ, енді оның тамыры соқпайды», - дейді әлемдегі жалғыз жүрегі жоқ адамның жары.

Өкінішке орай, бір ай өте Крэйг жан тапсырды. Бірақ, бұл адамның медицина саласындағы ең айтулы тәжірибесі болғаны сөзсіз. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: nature-wonder.livejournal.com, mirfactov.com 

3768 12
Рейтинг: +3

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 21 ақпан 2013, 14:15
Пікірлер
+0
21 ақпан 2013, 14:49

Тіпті қорқынышты...

+0
21 ақпан 2013, 14:53

ужас.... :lol: :lol: :lol:

+0
21 ақпан 2013, 15:39

Ғажап

+0
21 ақпан 2013, 15:51

мына жасқа келгенде жүрегімді алып тастағанша өлер салармедім? :(

+0
21 ақпан 2013, 17:38

Крэйг Льюистің қайтыс болғаны өқінішті

+0
21 ақпан 2013, 18:38

МА ОДАН НЕ ПАЙДА 1 АЙДАН КЕЙІН ӨЛІП ҚАЛДЫ

+0
21 ақпан 2013, 23:36

табиғи бүйрексіз енді жүрексіз өмір сүруге көштіме адамдар

+0
21 ақпан 2013, 23:55

ой Алла

+0
22 ақпан 2013, 01:24

робот заманы да алыс емес ау

+0
22 ақпан 2013, 12:25

:o жүрексіз де өмір сүрмекпіз ба (( қауіпті

+0
25 сәуір 2014, 22:12

коркыныштыгой,,,

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...