Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / Біз неге түшкіреміз, есінейміз, керілеміз, ықылықтаймыз?

Біз неге түшкіреміз, есінейміз, керілеміз, ықылықтаймыз?

Біз неге түшкіреміз, есінейміз, керілеміз, ықылықтаймыз?

Түшкіру, есінеу, керілу, ықылықтау... Бұл әдеттер  денсаулыққа өте пайдалы екен! Ғалымдардың дәлелдеуінше, олардың бәрі адам ағзасының дұрыс жұмыс жасауына көмек үшін табиғаттан берілген шартты рефлекстер.

Түшкіру

Медицина ғылымдарының айтуынша, мұрын қуыстарына көптеген микробтар мен шаң жиналып қалса, ғылыми тілде айтқанда, «мұрын қуысы арқылы спазмалық түрде тыныс алу» болады. Басқаша айтқанда, қатты әрі  тез шыққан түшкірік мұрындағы бөгде заттар мен  артық шаңдарды ауаға итеріп шығарады.

«Негізі адам күніне бір тет түшкіруі керек, ал егер сіз күні бойы түшкіріп мазасыздана бастасаңыз, онда сіздің тыныс жолдарыңызда бірдеңе дұрыс емес. Қас жұлып отырып түшкіретіндер де бар екен.  Соған қарап түшкіруге әсер ететін нерв талшықтарының қаста орналасқынын анықтадық», - дейді дәрігерлер.

Арамызда күнге қарап түшкіретін де адамдар бар. Ғалымдардың айтуынша, бұл күнен түсетін көкшіл сәулелердің әсерінен болады екен.

Ен бастысы түшкірген кезде ауызыңызды бет орамалмен жабуды ұмытпаңыз. Себебі біз түшкіргенде айналамыздағы адамдарға әсер ететіндей ауызымыздан 160км/сағ жылдамдықпен мыңдаған бектериялар ұшады екен.

 Есінеу

Есінеу – ғалымдардың  әлі де дәлелдеуін қажет ететін адам ағзасындағы өте жұмбақ құбылыс. Бізге нәрестенің  құрсақта жатып-ақ есінейтіні белгілі. Ғаламда құстар да, сүтқоректі айуандар да, тіпті бақалар да есінейді екен. Сіздің ойыңызша, адам ұйқысы қанбағанда немесе зеріккенде есінейді ме? Жоқ, адамның есінеуіне бұлардың еш қатысы жоқ. Адамның ұйқысы келмей-ақ, бірнәрсе жайында уайымдағанда немесе қысылғанда есінеуі мүмкін» - дейді ұйқы жөніндегі медициналық орталықтың мамандары. Адам стресс кезінде есінеуі жиілейді екен. Ми көп жұмыс істегендіктен ондағы жүйке жүйелері бірден қарсылық танытып, есінеу арқылы мидың демалуына жағдай жасайды. Ауа жетіспегендіктен немесе орта ыстық болғандықтан да адам есінеуі мүмкін. Есінеу мидың ары қарай жақсы жұмыс істеуіне көмектесіп қана қоймай, жүйкені тыныштандырады.  Сол үшін есінеуден қорғанудың ешқандай да қажеттілігі жоқ.

Керілу

Ұйқыдан тұрған  соң,  ұйыған ми жаттығу қажет етіп тұрады. Сондықтан керілу – біздің денемізде өзіндік қажеттілігі бар құбылыс. Керілу адамның миын күні бойы жұмыс жасауға дайындайды, қан айналымын реттейді және ағзаның белсенділігіне  әсерін тигізеді. «Керілген кезде адамның көңіл-күйі көтеріліп, мидағы қан айналым жүйесі жақсы жүмыс істейді» - дейді дәрігерлер. «Қаншалықты қартая бастасақ, соншалықты керілуді азайта береміз. Байқасаңыздар, жас нәрестелер кәрілерге қарағанда көп керіледі.» - дейді ұйқы жөніндегі медициналық орталықтың мамандары.

Егер денсаулық үшін уақытты аямайтын болсаңыз, онда міндетті түрде керіліңіз. Таңертең ұйқыдан тұрғанда керілдіңіз бе, жоқ па - ол сіздің күніңіздің қалай өткенімен де байланысты.  Ұйқыдан басыңыз ауырып немесе көңілсіз оянсаңыз бір керіліп алыңыз, әйтпесе бүкіл күніңіз нашар көңіл-күймен өтпек.

Ықылықтау

Ықылықтау - жүйке жүйесі мен өңешті және бауырды байланыстыратын өзімен-өзі пайда болатын күрделі құбылыс. Егер біз жылдам тамақтанып, үлкен-үлкен тағам үзіктерін шайнамай асқазанға түсіретін болсақ, асқазан созылады да, ондағы «адасқан» жүйке талшықтары өңешке және бауырға әсер етіп бос соққы пайда болады.

Біздің қорқуымыз не жылдам тыныс алуымыз ықылықтау жүйесіне бірден әсер етеді. Бір қаланың тұрғындары бір ай бойы ықылықтап, бір-біріне жұққан жағдай болған екен.

Ықылықтаудан құтылудың әр жолы бар. Мысалға алатын болсақ, адам бірнәрседен қорыққанда ықылығы басылуы мүмкін. Бірақ бұл ықылықтан мүлде құтылуға көмек бермейді, жәй ғана уақытша тоқтатады немесе ықылықты азайтады.

Бұл құбылыстардың адам ағзасына айтарлықтай тигізер ешқандай да зияны жоқ. Сол үшін де қорықпастан  есінеңіз, түшкіріңіз, керіліңіз және ықылықтай беріңіз!

Сурет: woman.ru

3827 0
Рейтинг: +2

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 02 наурыз 2012, 19:00
Пікірлер
+0
02 наурыз 2012, 19:24

ық-ық, а-а-а, әпчу!

+0
02 наурыз 2012, 20:24

Біз неге түшкіреміз, есінейміз, керілеміз, ықылықтаймыз? Өйткені біз пендеміз))))

+0
02 наурыз 2012, 19:31

сау болагой!

+0
02 наурыз 2012, 19:44

Бір танысым айтқан (намаз оқиды): есінеуді адамның бойына кіру үшін көзге көрінбейтін жындар мен шайтандар тудыратын құсайды. сол үшін ауызды қолмен жауып есінеу керек екен....

+0
02 наурыз 2012, 19:45

дұрыс

+0
02 наурыз 2012, 23:07

мен ұйқы шығар десем...

+0
02 наурыз 2012, 19:45

Осы тұрғыда біздер малдарға ұқсаймыз. олар да керіледі, түшкіреді, есінейді.

+0
11 мамыр 2013, 03:31

Малдар бізге ұқсасыншы)))

+0
02 наурыз 2012, 19:48

біреу есінесе менің де есінегім келіп кетеді )

+0
02 наурыз 2012, 20:33

менің де

+0
02 наурыз 2012, 20:28

есинеу жукпалы аурулар катарында жакында киреди..................

+0
03 наурыз 2012, 09:49

Кейбір адамдар түшкіргенде аузы-мұрнын жаппайды! Соларға жыным келеді

+0
03 наурыз 2012, 15:58

Менің де

+0
10 мамыр 2013, 23:36

Кәнешні, құрт жеген тістеріне көзің түсіп кетіп...:Тошнит:

+0
03 наурыз 2012, 14:33

"Сол үшін есінеуден қорғанудың ешқандай да қажеттілігі жоқ.", Құдай есінегендерді жек көреді дейші еді.

+0
06 наурыз 2012, 17:07

бирдене урлап койса да адам ыкылыктайды екен))

+0
26 наурыз 2012, 18:26

Ұрласа ықылықтамайды. Бірдеңе ұрладың ғой деп шошытады. Адам шошыған кезде ықылық қояды деген ырым бар.

+0
10 мамыр 2013, 23:44

Есінеудің тағы бір себебі ауадағы оттегінің азаюы. Ал, ықылық асқазан қабырғаларының спазмынан болады. Ықылықтан құтылудың бір жолы терең-терең дем алып жіберсең болады.
Есінеумен ең жиі жолығысатын жеріміз таңертеңгілік маршруттарда. Адам толық, әрі кейбіреулермен қарама-қарсы тұрып қаласың. Үйінен кейде асығыс шыққан адамдар болады. Әрі қарай айтпаймын. :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...