Бір суды екі рет қайнатуға болмайды

Бір суды екі рет қайнатуға болмайды

Кеңседе не үйде шәйнектегі қайнап тұрған суды төкпей, сол суды қайтып қайнатып жүрсіз бе? Бұл - өте қауіпті екен.

Су шын мәнінде тіршілік бастамасы, ол ағзамыздың 80%-ын құрайды. Оның денсаулығымызға әсері өте зор. Сол себепті оның сапасына қатал талаптар қойылуы керек.

Үйіміз бен кеңселерімізге келетін суда өкінішке орай хлор, басқа да түрлі қосылыстар мен зиян құрамдас бөліктер болады. Көп жағдайда заманауи сүзгі жүйелері де суды қажетті дәрежеде тазарта алмайды.

Жер астынан атқылаған бұлақтар осыған дейін өзінің табиғи тазалығымен танымал болған. Алайда қазір мамандар бұл су да экологиялық мәселелерге байланысты таза деп атала алмайды деген қорытындыға келіп отыр.

Әрине суды залалсыздандырып, қауіпті қасиеттерінен арылудың бірден-бір жолы - оны қайнату. Қайнау барысында судағы бактериялар жоғалып, хлор азайып, су жұмсағырақ болады. 

Алайда көптеген зерттеулер нәтижесі су құрамындағы ауыр металдар қайнау барысында кетпейтінін, ал хлор басқа заттармен қосылып, өте зиян бола алатындығын көрсетті.

Ал бір суды екі немесе одан да көп рет қайнату нәтижесінде адам ағзасына қауіпті қосылыстардың саны көбейіп, пайдалы қасиеттер мен оттегі азайып кетуі мүмкін екен. Басқаша айтқанда, салыстырмалы түрде пайдалы, жұмсақ су "өлі" суға айналады екен.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: bostonphp.org 


С. А