Спорт күнделікті ісіңіз болсын

Спорт күнделікті ісіңіз болсын

Кейбір адамдарға спортпен айналысу тіс тазалау сияқты үйреншікті, күнделікті іс. Егер сіз үшін жаттығулар жасау әлі де қиынға соқса, мына кеңестерді оқып, болашақта спортпен айналысуды өміріңіздің ажырамас бөлігі қылыңыз.

  1. Өзіңізге ұнайтын спорт түрлерінің тізімін жасаңыз. Көңіліңізден шығатын іс қана пайдалы бола алады. Біреуге жүгіру сияқты ауыр спорт түрі ұнаса, басқалары көңілді билерді қалайды.
  2. Есіңізде болсын, спортпен шұғылдану үшін артық қаражат қажет емес. Фитнес клубқа жазылу, жаңа киім сатып алу - артық шығын. Қарапайым жүгіру, билеу, велосипед айдау, аэробикамен еш шығынсыз айналыса аласыз.
  3. Жаттығуларды түрлендіріңіз. Мысалға бүгін теннис, ертең жүгіру, келесі күні қарапайым жаттығулар жасаумен айналысыңыз.
  4. Жаттығу уақытын нақтылаңыз. Үйдегілер ұйқыдан тұрғанға дейін таңмен не жұмыстан кейін кешке жасаңыз. 
  5. Шаршап тұрсаңыз да, жаттығуларды қалдырмаңыз, себебі фитнес - сергудің бірден-бір амалы. Жаттығудан кейін көңіліңіз көтеріледі.
  6. Жаттығулар күнделігін жүргізіңіз. Қай уақытта, қанша, қандай жаттығу жасайтындығыңызды жазып жүріңіз. Олардың нәтижелерін де түртіп отырыңыз.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: thpho.com 

С. А