Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / Студентті университет оқытып қана шығармайды...

Студентті университет оқытып қана шығармайды...

Студентті университет оқытып қана шығармайды...

Жоғары оқу орындарының берері аз емес: сапалы білім, саналы тәрбие т.с.с. Жоғары білімді маман болып шығуға тәрбиелейтін университеттің жағымсыз тұстарын ғалымдар дәлелдеп отыр. Мамандардың пікірінше, аз дегенде, 4 жыл оқытатын оқу орындары сізді тек білімді етіп қана шығармайды. Мамандар студентті ақымақ етіп шығаратын тұстарын анықтап берді. Ендеше, назар аударайық: біз нені жоғалтып, нені тауып жүр екенбіз?

Топпен көрген ұлы той

Университетте мыңдаған студент білім алатындықтан, онда әр студентке жеке білім беру мүмкіндігі жоқ. Сол үшін кем дегенде, 20 шақты студентті әр мамандыққа байланысты топтарға бөліп тастайды. Бір күндік дәрісті оның бәрі тыңдап, бәрі бірдей ұғуы екіталай. Жүйе де соған лайық. "Оқысаң, оқы! Оқымасаң, күтпейміз" дегендей белгілі бір жүйемен жүріп өтеді. "Көппен көрген ұлы той" деп амалсыз көштен қалмай жүретін студенттердің бәрі бірдей сабақты меңгере қоймайды. Ал бәріне жете түсіндіріп, әр студентке бөлек дәріс оқу миға сыймайтын дүние. 

Күні бойы бір орында отыру

Бір күн бойы бір аудиторияда отыру студенттің ақылының жетілуіне зиян жасайды екен. Майо емханасының маманы Джеймс Левин ұзақ отырудың адам денсаулығына қалай әсер ететіндігі жөнінде зерттеу жасады. Жақсы нәтиже шыға қоймады. Левин бір күнде тапжылмай екі сағат отыратын адамның ағзасында зат алмасу процесі тоқтайды дегенді айтады. Күнделікті сабақтар бес-он минуттық үзілістермен 50-90 минутқа созылады. Ал емтихан кезінде тапжылмай 2-3 сағат отыратын студенттердің жағдайы тым жақсы емес. 

Көп тапсырма

Студенттер әр сабақтан берілген сансыз тапсырмаларды орындау тұрмақ, оларды ойлап-ақ шаршайды. Бар сабақты орындау керек! Осындай студенттер әр тапсырманы бір-бір шолып қана өтеді. Кейбіреуіне өтірік дайындалады. Түні бойы дайындалған тапсырмаға оқытушының көңілі тола қойса, жақсы ғой. 

Дұрыс тамақтануға уақыт жоқ

Таңнан кешке дейін болатын сабақтар тамақтануға кедергі келтіреді. Үзілістер тек 10-15 минутқа ғана созылады. Ал мұндай аз уақытта тез тамақтану денсаулыққа жақсылық алып келмейді. Уақытылы тамақтанбау тағы бар.

Жүгіру

Сабаққа үйден қатынайтын студенттердің жағдайы жатақханада тұратын студенттерден ауыр. Бәріне кінәлі - жол кептелісі. Одан қала берсе, дұрыс баға ала алмай мұғалімдердің артынан жүгіреді. "Кітап қалмай қалатын болды" деп кітапханаға қарай шабады. "Жүгірудің зияны жоқ" дегіңіз келіп отыр ма? Әрине, денсаулыққа пайдалы-ақ. Бірақ қорқынышпен жүгірудің жөні бір бөлек. "Жоқ" деп белгілеп қояр ма екен?", "Баға ала алмай қалатын болдым" деп жүгірудің дене шынықтыру үшін жүгіруден айырмашылығы зор. Ғалымдар дәлелдеп отыр!

Ұйқы қанбау

Бұл жөнінде айтуға әбден болады. Түн адамға ұйқы үшін беріледі. Ал студенттерге ол үшін емес. Сансыз тапсырмалар оларды қалай ұйықтатсын? Ал ұйқының бұзылуы - денсаулықтың бұзылуы. 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

суреттер: kursiv.kz 

1502 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 18 ақпан 2013, 18:11
Пікірлер
+0
18 ақпан 2013, 18:25

Ай, "бейшара" студенттер-ай, әбден қиналып... :D

+0
18 ақпан 2013, 18:33

сау боп кіресің, жынды болып шығасың :lol: :lol: :lol:

+0
18 ақпан 2013, 19:21

мен енді басымнан өткізіп жатырмын :)

+0
18 ақпан 2013, 20:23

ОСОБЕННО МЕДАКАДЕМИЯДА ОКИТЫН СТУДЕНТТЕР КИНАЛАДЫ :)

+0
18 ақпан 2013, 20:32

хе хе көп қой ондайлар

+0
18 ақпан 2013, 20:48

:lol: :lol: :lol: :lol:

+0
18 ақпан 2013, 22:03

өте дұрыс айтылған, бізде де дәл солай. Қазақстанда студенттерге жағдай дұрыс жасалмаған деп ойлаймын. түскі асқа 30-ақ минут береді, ол уақыт кезекте тұрумен өтеді, таңертеңгі 9дан кешкі 7ге дейін оқыту дұрыс емес

+0
18 ақпан 2013, 22:52

өзін сүйіп ұнататын мамандығын болмаса мүлде окудын қажеті жоқ ынта қабілет болмаса бәрі бекер

+0
19 ақпан 2013, 11:38

эх бізді де ойлайтын ғалымдар бар екен ғой)

+0
19 ақпан 2013, 19:35

қарынның ашып, ұйқынын қанбайтындығын айтсайш

+0
19 ақпан 2013, 20:48

ал мен үш ұйықтасам да түсіме кірмеген мамандықты оқйын деп жатырмын...

+0
20 ақпан 2013, 01:01

Арайлым жағдайыңыз киын болатын болды ау

+0
20 ақпан 2013, 02:33

Күні бойы бір орында отыру- қажырлыққа, Көп тапсырма - жан-жақты білімге, Жүгіру- өміршеңдікке, аз ұйықтау- көп ойлауға тәрбиелемейме?? жастары ұйқышыл елдің көкірегі қалай оянады?! оған тағы мәзбіз өзіміз.

+0
22 ақпан 2013, 14:50

Студенттік күндерімді сағынамын(((

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

ШОКО ƏЛЕМ-5
ШОКО ƏЛЕМ-5

Аждан айдаһар

АҚ КӨЙЛЕК
АҚ КӨЙЛЕК

Күйеу жігіт қалыңдықты құшып тұр, Қалыңдықтың қыпша белі үзіліп.

Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?
Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?

Бірі – Батысты, бірі – Шығысты мойындатқан, мойындатып жүрген тұлғалар.

ҚАЗІРГІ АУЫЛ
ҚАЗІРГІ АУЫЛ

Ауыл неге өзгеріп кетті?


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...