Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / Қолмен жазудың пайдасы

Қолмен жазудың пайдасы

Қолмен жазудың пайдасы

Соңғы кезде жазуыңыз өзгеріп, нашарланып кетті ме? Бұл заманауи технологиялардың әсері: компьютермен жазуға дағдыланғанымыз соншалық, қолымыз жазуды ұмытты. Кейде болса да, қолға қайта қалам алған жөн, оның да пайдасы бар екен.

  1. Жазу - жаңа затты үйренудің ең оңай жолы. Керек ақпаратты көшіріп жазу - оны есте сақтаудың бірден-бір әдісі. Қолмен жазу процесі сол ақпаратты сүзгіден өткізіп, оны маңызды деп санап, ұзаққа есте сақтайды.
  2. Жазу ойды тұжырымдайды. Көптеген әйгілі жазушылар туындыларын компьютермен емес, қолмен жазғанды ұнатады. Ең болмаса алғашқы ойлар мен сюжетті қағаз бетіне қолмен түсіру арқылы ойды тиянақтай алады. Жазу барысында керекті ойлар тезірек келіп, жеңілірек баяндалады. Сондай-ақ ойдың жылдамдығы мен жазу жылдамдығы бірдей болады, ал компьютерге терілген сәтте ойлар шатасып кете алады.
  3. Жазу барысында артық алаңдамайсыз. Қолмен жазу мен компьютерді салыстыратын болсақ, қолмен жазу басқа ойлар мен сыртқы дүниелерге алаңдауға жол бермейді. Ал компьютермен жазсаңыз, интернетке, видеоларға көңіл аударып, ойыңызды толықтай жаза алмай қалуыңыз мүмкін.
  4. Жазу - ми жаттығуы. Осы жаттығу арқылы миыңыз қартаюдан сақтана алады. Жазу барысы ойды үшкірлеп, еске де жақсы әсер етеді. Сондай-ақ қолмен жазу арқылы жаңа тілді үйренген оңайырақ екені дәлелденген.

Ал сіз қолмен жиі жазасыз ба?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: yak-prosto.com 

1139 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 28 қаңтар 2013, 14:45
Пікірлер
+0
28 қаңтар 2013, 14:47

Күнделікті ғана қолмен жазамын...

+0
28 қаңтар 2013, 14:50

Алдында қолмен жазбай кеткем ғой, бір күні налоговыйға барған кезде Т-ның бас әрпі қалай жазылатынын ұмытып қалыппын )))

+0
28 қаңтар 2013, 15:31

Дұрыс,мен толығымен келісемін

+0
29 қаңтар 2013, 11:06

жазуым қатты нашарлап кетті :(

+0
30 қаңтар 2013, 15:09

кеше ғана бір омірбаянды жазу үшін 8 рет кошірдім, ағылшынша аріптерді жазып қоя бердім сұмдық :? :shock:

+0
31 қаңтар 2013, 01:44

Тергеннен жазған оңай)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...