Жүрісі тез адамдардың жасы ұзақ болады

Жүрісі тез адамдардың жасы ұзақ болады

АҚШ-тың Питтсбург университетінің мамандары адамдардың жүрісінің ақырын-тездігіне қарап, өмірінің қаншалықты болатындығын есептеуге болатындығын байқаған.

65 жастан жоғары 35 мың адамға жасалған сынақ нәтижесінде секундына бір метр жүрсе, өлім қатері 12%-ға төмендейтіндігі белгілі болған. Мысалы, 75-84 жас аралығындағы әйелдердің тез жүретіндерінің (мөлшермен секундына 1,4 метр) 10 жыл артық өмір сүру мүмкіндігі 92%-ға жетсе, керісінше ақырын жүретіндердің (мөлшермен секундына 0,4 метр) 10 жыл артық өмір сүру мүмкіндігі 35% ғана болған.

Аталған жобаға жауапты Стипн дәрігер: «Тез жүру бір адамның өміршеңдік қуатын әйгілейді. Себебі, тез жүріс жүрек, өкпе, бұлшық ет, буын, сүйек, үлкен ми сияқты мүшелер мен жүйе-жүйкелерге әсер жасайды. Жүрістің ақырын-тездігі шипагердің бір сырқатқа диагноз қоюында үлкен рөл атқарады», - дейді. Ол жүрістің ақырын тездігін есептеудің де жолын айтты: «Жасы ұлғайған адамдар әр жылы жүрісінің ақырын-тездігін сынап, есептеп жүру керек. Жерге 4 метр ұзындықта сызық сызып, қалыпты жүріспен басынан аяғына дейін жүргенде кеткен уақытты есепке алып, сосын оны 4-ке көбейтіп, жүрістің тездігін білуге болады».

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: voxpopuli.kz

M. Auelkhan