Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / Бас массажының пайдасы

Бас массажының пайдасы

Бас массажының пайдасы

 Дұрыс орындалған массаж дауасы - тек ағза саулығының ғана емес, сондай-ақ көтеріңкі көңіл- күйдің кепілі. Жиі істелінетін массаждың емдік қасиеттері жетерлік. Ол шаштың тамырларын берік қылады, шаштың өсуін тездетіп, бастағы қан айналымын реттейді, көңіл-күй мен жалпы денсаулық жағдайын жақсартады.  

Бас массажын 4 кезеңге бөліп жасау керек.

1 кезең

Шаш жуғанда, басыңызды уқалаңыз. Массажға арналған май қолданып, 5-6 минут бойы оны басыңызға жағыңыз. Артынан шашыңызды ағаш тарақпен тарап шығыңыз.

2 кезең

Шашыңызды саусақтарыңыздың арасынан өтетіндей етіп қолыңызбен "тараңыз". Алақаныңызды шаштың ұштарына дейін апарғаныңыз жөн. Осындай қимыл нәтижесінде басқа қан жүгіріп, бастағы қан оттегіге қанығады.

3 кезең

Шашыңыздың түбінен ұстап, ақырындап тарта бастаңыз. Қимылдардың қарқынын арттырып, массаж соңында бәсеңдетіп аяқтаңыз. 

4 кезең

Массаж соңында, шашыңызды тарақпен жақсылап тарап шығыңыз. Щетка-тарақты қолданғаныңыз дұрыс. Сондай-ақ, шашыңызды сағат тіліне қарсы айналдыра отырып тарағаныңыз жөн.

массаж головы

Бас массажы шамамен 10-15 минут уақытыңызды алады. Алайда, осы қысқа уақытта ағзамыздың ең маңызды мүшесі кәдімгідей тынығып қалады. Массаж бойыңызға жаңа күш беріп, ми жұмысын жандандырады.

Массаж майын таңдауға ерекше көңіл бөлгеніңіз дұрыс. Бас терісі құрғақ болса, қоректендіргіш сұйықтықтар қолданғаныңыз жөн. Басыңыздың терісі сезгіш болса, массажды теріні тыныштандырғыш сұйықтықтарды қолдана отырып жасауыңызға кеңес береміз. Жалпы, құрамында өсімдік майлары болатын бальзамдарды таңдағаныңыз дұрыс. Себебі, өсімдік майының құрамы бастың май бездерінің құрамымен ұқсас болып келеді.

Бас массажы әдетте құрғақ шашқа жасалынады.

Бұл дауа бас теріңізге жаңа дем беріп, дертіңізге шипа болары сөзсіз. Басыңыз ауырса да, жай көңіліңіз болмаса да, бас массажы шаршағанды жояды.

Форумда талқылау

Суреттер dobromed.ru сайтынан алынды.


15773 14
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 23 ақпан 2012, 18:00
Пікірлер
+0
23 ақпан 2012, 18:59

осы массажды жасаймын! міндетті түрде )

+0
23 ақпан 2012, 20:10

біреуге жасағанша, алдымен өзіңе жасат )))
Массаж негізі жақсы, бірақ оның құмарына кіріп кетсең шығу оңай емес :)

+0
23 ақпан 2012, 20:14

Массаждың рақатын көрген жан екенсіз..

+0
23 ақпан 2012, 20:27

Күнде жеңгенмен! Ұйқыдан алдын міндетті түрде ғой :)

+0
23 ақпан 2012, 20:27

өзіме жасаймын ))

+0
23 ақпан 2012, 20:29

кайф болмай қалады.. жасат артыңнан жүгіріп жүрген жігіттерге ))) н/е кейбір шаштаразда арнайы басқа массажмен қоса шаш алып беретіндер де бар

+0
23 ақпан 2012, 19:38

Ләззат алып массаж істемесем...

+0
29 ақпан 2012, 16:39

кімге???

+0
24 ақпан 2012, 01:56

Массаж деген керемет қой. Басқа массажды жасағанда өзің емес өзгеге жасатқан тиімді. Әсері мол болады! ))

+0
24 ақпан 2012, 10:25

Дұрыс айтасыз! Менің тоқалдарым маған күнде массаж жасайды! Содан кейін неткен тәтті ұйқыға кетесің десеңші.....

+0
29 ақпан 2012, 16:28

неше токалыныз бар сиздин)

+0
29 ақпан 2012, 16:44

ой бүүү!!! Санынан жаңылып кеткенің ай??? Сіз мүмкін біздің үйге келсеңіз, санақты бастайтын едім???

+0
28 ақпан 2012, 15:00

Асиресе шаштаразда шаш киып отырганда уйкы келеды.......

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

"Папаңнан" ұят болмасын...

Мен ұғынып болмаған тәрбие

Құлағыңды кесіп алайын ба?!
Құлағыңды кесіп алайын ба?!

Құлақ есту үшін бе әлде бастың пішінінің әдемілігі үшін бе?

Өмірдің өзі үлкен қоңырау секілді...
Өмірдің өзі үлкен қоңырау секілді...

Өмірдің симфониясы болған сыңғырлар.

БУВЕ НҮКТЕСІ
БУВЕ НҮКТЕСІ

"Олардың тарихы" беллетристикасынан

Автор: Мерей Қосын

Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...