Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / Темекісіз өмір – көңілді өмір

Темекісіз өмір – көңілді өмір

Темекісіз өмір – көңілді өмір

Егер сен темекі шегетіндердің қатарында болсаң, мына жазбаны оқып шыққаның дұрыс, ал егер жаман әдетің жоқ болса, достарыңа ескертуіңді сұраймын.

Жақында ғана британдық The British Journal of Psychiatry журналы зерттеу жүргізді. Нәтижесінде, темекіге әуес адам уайымшыл болып келетіні анықталған. Егер жүйке жүйесі дұрыс жұмыс жасасын десек, бұл дәлелмен санасуымыз орынды.

Зерттеуге 490 адам қатысқан. Тіпті оның басым бөлігі жаман әдеттен арылу үшін арнайы клиникаларға барып жүргендер болып шықты. Мамандар арнайы психологиялық тесттер арқылы олардың қобалжуын бақылаған. Зерттеу екі мәрте қайталанғанда да дәл осы нәтиже шыққан екен.

Мұның үстіне, темекіні әзер қойған 68 адам байсалды бола бастағанын айтқан. Олар тіпті қашан ұрысқанын еске түсіре алмапты.

Бір қарағанда бұл зерттеудің ешқандай да жаңалығы жоқ. Бәріміз де никотиннің адам жүйкесіне ғана емес, жалпы ағзасына кесірін тигізетінін білеміз. Ал философия ғылымдарының докторы Мартин Макдермотттың айтуынша, темекіні қобалжып тұрғанда шегетіндер көп екен. Ал бұл керісінше, оның қобалжуын және уайымын еселей түсетіні дәлелденген.

Темекіні қою үшін мамандар спорт залдарына көп бару керектігін айтады. Ал ағзадағы токсиндерді шығару үшін көп су ішу керек екен.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: adme.ru

9646 7
Рейтинг: +6

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 16 қаңтар 2013, 18:50
Пікірлер
+0
16 қаңтар 2013, 18:23

Христофор Колумбтың (Американы ашса да) темекі тартуды әлемге енгізу әрекеті көңілге кірбің түсіреді :roll: Бірақ, ол болмаса да, басқасы әкелер-ау, әйтеуір бір келетіні анық қой... ((

+0
16 қаңтар 2013, 18:34

темекі шекпеңдер, одан да сүт қатып шәй ішіңдер)

+0
16 қаңтар 2013, 18:54

темекісіз өмір - көңілсіз өмір!!! :lol: :lol: :lol: :lol:

+0
16 қаңтар 2013, 21:16

Мартин Макдермотттың айтуы өте орынды, себебі коп жағдайда адамдар темекіні ашуланғанда, өмірінде бір жаман өзгеріс болғанда шегіп жатады содан бір ләззат алатындай барлығы орнына келетіндей...... бірақ одан ештене түзелмейді денсаулығына зиян келгені болмаса айтарым темекі шекпеніздер, иісін унатпаймын, аулак болыныздар. Қыз-келіншектердің бұрыш-бұрышта турып шегетіні тым уят нәрсе :x Қуантарлық жағдай менің жаным темекісін тастауға уәде берді және сол уәдесін орындап жургеніне екі кун болды гой дим :)

+0
17 қаңтар 2013, 09:27

Темекі тартқан қыздарды көрсем жаман жыным келетін бопты, әсіресе иістерін иіскеп тұра алмайм

+0
17 қаңтар 2013, 20:09

Tek kizdandin gana emes, uldardin da temeki wekkenin koldamaymin.

+0
18 қаңтар 2013, 15:43

қоя алмай жүрмін, расында...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Енді не болмақ
Енді не болмақ

«Адал еңбек, ақ пейіл, мейірім жоқ – Осы болар таза ақыл өлді демек»- деген екен...

"Папаңнан" ұят болмасын...

Мен ұғынып болмаған тәрбие

Құлағыңды кесіп алайын ба?!
Құлағыңды кесіп алайын ба?!

Құлақ есту үшін бе әлде бастың пішінінің әдемілігі үшін бе?


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...