Жүрегіне шеге қадалған жігіт аман қалды

Жүрегіне шеге қадалған жігіт аман қалды

Аргентинадағы ағашшы жігіттің жүрегіне 7 см шеге қадалып, Аргентина астанасы Буэнос-Айрестегі бір емханаға жеткізілген. Тексеру нәтижесі оның өмірінен үмітін үзген адамдарды таң қалдырып, бұл жігіт аман қалған. Таң қаларлық себеп те бар, басында Х нұры арқылы түсірілген суретті көргенде дәрігерлер біржола үмітін үзген. Тек тынысының әлі тоқтамағаны үшін шұғыл түрде жасалған екі сағаттық ота барысында бұл азаматтың жүрек соғуы қалпына келген екен. Мұндай ұзындықтағы үшкір қару көкірек бөліміне кіріп, жүйеден жүректі зақымдап, сондай жағдайда да аман қалған қазірге дейін әлемде үш-ақ адам бар екен. Бұны дәрігерлер «Аргентинаның емдеу саласындағы тұңғыш оқиға» дейді.

Жұмыс барысында автоматты шеге қақыш аспапты дұрыс игере алмаған саптасы бұл оқиғаға себепкер екен. Америкада әр жылы осындай шеге қаққышты қолдану барысында зақымдалатындардың саны 37000-ға жеткен. Ал көптеген техника ғылымының мамандары бұл құрылғыда кілтипан бар деп айыптауда.

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: baidu.com

Қ. Қауымбек