Орындықтан тұрыңыз

Орындықтан тұрыңыз

«Орындықтан тұру» - бұл Британияда шығатын «Спорт және медицина» журналының Швеция ғалымдары көзқарасы негізінде «Қазіргі отырып үйренген адамдарға» берген ескертуі. Кеңседе, қызметке шығар жолда автобуста, үйге қайтып келгеннен кейін де бір күндік қарбаластықтан құтылып, отыра қалып демалуды көксейміз әрі отырғанда ғана демала алатындай сезінеміз... Міне, осылайша біз орындықтан айырыла алмайтын тұрмыс кешіреміз. Алайда, ең жаңа зерттеу натижесі «Ұзынды күн орындықтан екі елі айырылмау» қан қысымының жоғарылауы ауруы, зат алмасудың баяулауы және дене салмағының қалыпсыз артуы сынды ауруларға кіріптар ететіндігі дәлелденген.

«Біз үшін демалудың таптырмас құралы болған орындық қалайша денсаулықтың қас жауына айналды?» деген заңды сұрақ туындайды.

Отырған кездегі энергияның сарып болуы жатқандағыдан әлдеқайда төмен болады екен, бір алма жеуге жұмсалатын энергияның өзі орындықтан «екі елі айырылмауға» жұмсалатын энергиядан әлдеқайда көп болады.

Адамдар «Ұзақ уақыт отыруды», «Әрекет жасамау» деп қате түсініп келген, іс жүзінде егер бір адам әр күні 30-45 минутқа дейін спортпен шұғылданбаса, қалған уақыттың барлығында отырады, ол және де «Ұзақ отырғанмен тең» дейді Британ Лафборг университетінің Спорт психологиясы ғылымдарының докторы Твард Бидр.

Отыру әдісі дұрыс болмаса, омыртқа қисаяды. Ақаусыз адамдардың омыртқасы S формасында болады, алайда ұзақ уақыт отыра беруден бел артқа қарай C әрпі формасында иіліп, дене әрекетіне тірек болатын арқа және құрсақ бөлімдегі бұлшықеттер рөлінен айырылады. Ұзақ уақыт осылай болғанда, арқа бұлшықеті әлсіреп, омыртқаға тірек бола алмай қалады, қатты сырқырап ауыруы да мүмкін.

Отыра беруден бел айналымы кеңейеді. Егер ұзақ уақыт отыра берсеңіз, бел айналымыңыз үлкейеді және осыған сәйкес дене салмағыңыз да артады. Міне, осыдан денсаулығыңыз сыр беріп, түрлі ауруға кіріптар болуыңыз да мүмкін. Негізінде, орындық тек денсаулықтан айырудағы бірінші қандықолдың бет қалқаны ғана, ал нағыз қандықол «Көп отыру». Ғалымдар: «Белгілі уақытта орыннан тұрып әрекет жасап тұру, жұмыс аралығында гимнастика ойнау немесе жүгіру машинасында шынығу таптырмас талғамыңыз дегенді ескертеді. Егер отырмауға амалыңыз жоқ болып, қарбаластықтан мұрныңызға су жетпесе, ең болмағанда, телефон қабылдаған кезіңізде орныңыздан тұрып сөйлесуге әдеттеніңіз.

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: sc.com

M. Auelkhan