Кеңседегі қатер

 Кеңседегі қатер

Қала тұрмысында көп санды адамдар уақытының үштен бірін кеңседе өткізеді. Үйден қалса кеңсе орны олардың ең сүйікті мекені. Ғұмырының тең жартысын кеңсе қызметіне арнайтын адамдар да жетіп асады. АҚШ-тың «Дана» тор бетінде басылған мақалада кеңседегі бір бөлім қалыпсыз жұмыс ритімінің адам денсаулығына орасан зор қатері бар екенін жариялаған.

1. Үнемі ауа алмастырғыш (кондиционер) арқылы «ауа тазарту». БМҰ-ның бір мәлімдемесінде жер бетіндегі 30%-дан астам көпқабатты үйлер ауа алмасуға тиымсыз болғандықтан ауа сапасы тым төмен деп жарияланған. Мұндай үй немесе кеңселерде әдетте ауа алмастырғыш арқылы ғана ауа тазартылады. Бірақ көптеген адамдар ауа алмастырғыштан шығатын ауаның кеңсе сыртындағы ауадан 100 есе лас болатынын білмейді. Ал салынғанына 10 жылдан асып кеткен үйлерде ауа алмастырғышты тіпті де қолдануға болмайды. Одан шығатын бактериялар өкпе қабынуы, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, бедеулік қатарлы ауруларға душар етеді. Мұны ғалымдар «кеңсенің универсал дерті» деп атайды. Сол үшін де ауа алмастырғышқа сүйенбей, барынша аз қолдану керек. Ең жақсысы терезені ашып, ауа алмастырып тұрған орынды.

2. Хат басу немесе көбейту машинасы (принтер) сияқтыларды жұмыс үстелінен барынша аулақ қойған абзал. АҚШ-тың ортаны қорғау мамандары «Принтер секілді техникалық аппараттар шығарған көзге көрінбейтін озон тектес бактериялар тым қатерлі. Ол көкірек бөлімінің қабынуы, тыныс жолының аурулары, кеңірдек қабыну, бедеулік секілді ауруларға душар етеді» дейді. Ал лазерлі аппараттар тіпті тыныс жолы арқылы немесе қан сұйықтығына тікелей әсер ететін болып, рак, жүрек ауруларына шалдықтыру салыстырмасын арттырады екен. Сондықтан мұндай аппараттардан өзіңізді барынша аулақ ұстағаныңыз абзал.

3. Жарық күнде де шырақты қосып қою. Бұл да ең қатерлі ауруларға себепкер. Көз нұрына әсерінен басқа ең бастысы тікелей жүйке жүйесіне зақым келтіреді. Кеңседе бас ауру, шаршау, мазасы қашу сияқты қалыпсыз құбылыстар осы шырақ нұрының әсерінен. Ол ұйқы мезгілін қалыпсыздандырып қана қоймай, жүрек ауруларына да шалдықтырады екен.

4. Көп уақыт орындықта отыра беру. Бұл бел, шеміршек өсу, бас, жүрек қан тамырлары, рак ауруларының себепкері. Әр 20 минут сайын орныңыздан тұрып, 3-5 минут сыртқа шығып, қозғалыс жасап тұрыңыз. Бұлай болғанда қан айналысты жақсартып, ұзақ күндік жұмыста сергек отыратын боласыз. 

Дайындаған: Алшын МАТАЙ

Сурет: baidu, amerikanki.com, domdadom.ru

Қ. Қауымбек