Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / Күйікті емдеуге қарапайым кеңес

Күйікті емдеуге қарапайым кеңес

Күйікті емдеуге қарапайым кеңес

Тұрмыс барысында әртүрлі себептерден дене зақымдалып отырады. Күйік солардың бірі. Төменде күйікті емдеудің қарапайым әрі өнімді әдістеріне тоқталамыз.

1. Алдымен суық сумен күйген жерді тазалап жуамыз. Сосын жара аузын суық суда жарты сағаттай тұрғызу керек. Әдетте судың температурасы қаншалықты төмен болған сайын, соншалықты өнімді болмақ (бірақ, 5С төмен болмауы керек). Бірақ әдетте қайнаған су болса бұл әдісті қолдануға болмайды.

2. Аз мөлшердегі тұзды суды жара орнына тамызып қойсаңыз қабынудың алдын алады.

3. Жара аузына бал (әсел) жаққан да өнімді.

4. Шикі жұмыртқаның ағы мен балды араластырып, жара аузына жақсаңыз қабынуды қайтарады және ауырғанды тоқтатады.

5. Алмұртты жапырақтап кесіп, жара аузына біраз уақыт таңып қойсаңыз ауырғаны тоқтайды.

6. Кішкене балалардың күйген жарасына 25 грамм қарабұршақты қою етіп қайнатып, жара аузына жақсаңыз өнімі жақсы болады.

7. Жеңіл күйік жарасы болса құрғақ шәй жапырағын отқа қақтап, сумайға араластырып, жара орнына жақсаңыз ісікті қайтарып, ауруды тоқтатады.

8. Қол немесе аяқтың терісі күйіп, зақымдалғанда дереу спиртке малған жөн. Бұл қызарып, су көтерілудің алдын алады. Егер осылай бірнеше рет жалғастырсаңыз күйген орын ақырын-ақырын қалпына келетін болады. Мақтаны спиртке малып, күйген орынды ауық-ауық сүртіп отырсаңыз да өнімін көре аласыз.

9. Дене май немесе қайнаған суға күйген жағдайда өсімдік майын қолданыңыз.

10. Күйік орнына кірсабын жақсаңыз да ауырғанды басып, ісіктің алдын алады. Кері әсері жоқ. Тек белгілі уақыттан соң жуып тастаңыз.

11. Бұдан сырт тіс пастасын жақсаңыз ауырғанды тоқтатып қалмастан, су көтеріліп, ісіктің, қабынудың алдын алады.  

Дайындаған: Алшын МАТАЙ

Сурет: medroute.ru

6926 6
Рейтинг: +2

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 03 қаңтар 2013, 16:43
Пікірлер
+0
03 қаңтар 2013, 21:31

жақсы кеңес, бізде осындай материалдар көп болуы керек сияқты

+0
04 қаңтар 2013, 01:05

1 қаңтар шашымды бұйралаймын деп мойнымды күйдіріп алдым. Ауырмайды, ісініп су да толмады ішіне, бірақ қап-қара болып жаман болып қалды. Күйген бетте аса мән бермедім де, ешбір ем-дом жасамадым да. Көрген жұрттан ұят, мына айтылғандардан тек су май жағу ғана ма маған болатыны?
Маған күйген теріні түсіру керек алдымен, сосын тез жазылып кететін май жағу керек шамасы.

+0
04 қаңтар 2013, 10:58

Сол күйген сәтте мақтаны спиртке шылап, сүрту керек еді. ондай жағдайда аса үлкен дақ та қалмайды.

+0
04 қаңтар 2013, 13:53

Қорқам, алдында сіңілім күйіп қалған да суға салғанбыз орны қалмады

+0
04 қаңтар 2013, 22:35

бұрын қолым ыстық сорпаға күйіп қалғанда көрші апаның шикі жұмыртқаны құйып жібергені есімде, бірақ бал араластырмады.

+0
14 қаңтар 2013, 23:38

Бұл қып-қызыл қателік.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...