Қыстық ойындар

Қыстық ойындар

Қыс - артық салмақ жинауға ықпал ететін кез. Алайда қысты пайдаланып, балалық шақтағы ойындарды еске алып, арықтау амалдарын тапса болады.

Шана тебу

Жарты сағаттық ойын сізді 200 артық калориядан арылта алады. Шана тебу аяқты жақсы жаттықтырады.

Аққала жасау

Аққаланы тұрғызуға бір сағаттай уақыт құртып-ақ арықтауға болады. Балалық кезді еске түсірудің пайдалы әдісінің бірі.

Қар атысу

Көңіл көтеру мен артық калориялардан арылудың тағы да бір жолы.

Коньки тебу

Тіпті сіз коньки тебе алмасаңыз да, мұз бетінде тұруға тырысқаныңыз артық салмақтан арылтады.

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: liveinternet.ru

С. А