Тұмаудың қалай таралатынын біліп отыруға болады

Тұмаудың қалай таралатынын біліп отыруға болады

АҚШ ғалымдары тұмау эпидемиясының таралу алгоритмін дөп басып біліп отырудың жолып тапты.

Қос американдық ғалым Джеффри Шэйман мен Алишия Карспек вирусты жұқтырған адам туралы ақпарат жинау арқылы аурудың ары қарай қалай таралатынын біліп отыруға арналған модель жасап шығарды.

Зерттеушілердің айтуынша, олар методиканың негізі ретінде ауа-райын болжауға арналған модельді пайдаланған. Авторлар Нью-Йорк қаласында 2003-2008 жылдар аралығында ауырған адамдар туралы мәлімет жинап, эпидемия таралуының бірнеше сценарийін есептеп шығарған.

Сценарийдің әрбір қадамы апта бойынша бөлініп, белгіленген.

Джеффри Шэйманның айтуынша, аурудың таралатын аймағын алдын ала біліп отыру оның алдын алу шараларын жасауда көп көмек болады.  "Біздің методикамыз тек үлкен қалалар үшін жасалған. Яғни, тұрақты қоғамдық көліктері бар, урбанизацияланған елді мекендер үшін", - деді Шэйман.

Айта кетелік, әлем бойынша жылына тұмаудан 250-500 мың адам жан тапсыруда.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: medpravda.com