Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / Сүт қатқан шәйдің пайдасы

Сүт қатқан шәйдің пайдасы

Сүт қатқан шәйдің пайдасы

Сүт қатқан шәй - көпшіліктің сүйіп ішетін сусыны. Оның пайдасы қандай? Сүтсіз қара шәй одан пайдалырақ па? Сүт қосылған шәй арықтауға кедергі ме? Осы сұрақтарға жауаптарды бірге іздейік.

Статистика бойынша, шәйқұмарлардың көбісі сүт қосылған шәй таңдайды. Бұл жайт таң қаларлық та емес, сүт қатқан шәй дәмі жұмсақ, ағзамен қабылдануы жеңіл, қоректі сусын. 

Сүттің өзі де пайдалы қасиеттерімен ерекшеленеді. Сүтте адам ағзасына қажетті ондаған пайдалы заттар бар. Бірақ сүтті кеселеп іше алмайтынымыз белгілі. Бұл оның асқазанның ауыр қабылдайтынына байланысты. Ал шәйға қосылған сүт жеңіл қабылданып, пайдалы қасиеттерін толықтай бере алады. Дәрумендер, майлар, ақуыздар жиынтығы денсаулыққа өте пайдалы болады. Тіпті ол шәй құрамындағы кофеин, алкоидтардың жаман қасиеттерін баса алады. Шәй мен сүттің қосындысы болған керемет сусын хош иісті, жұмсақ дәмді, пайдалы сусын берді.

Сүт қатқан қара шәй жүрек-тамыр ауруларының алдын ала алады. Сүттің ең маңызды құрамдас бөлігі кальций сүйек, шаш пен тырнақты берік қылады. Сергітетін бұл сусын жалпы пайдалы екені сөзсіз.

Соңғы кезде сүт шәйдің пайдалы қасиеттерін төмендетеді деген пікірлер туындай бастады. Зерттеулер көрсеткендей, сүт шәйдің тек бірнеше қасиетін бәсеңдетеді. Ал оның қосып беретін пайдасы одан бірнеше есе көп.

Күнделікті сүтпен шәйдің 3-8 шынысын ішуге кеңес береді диетолог мамандар. Әрине сүттің ең майлы түрлерін таңдамаған дұрыс. Ал егер сіз арықтауды көздесеңіз, майлылығы аз сүт қосыңыз. 

Сүт қатылған шәй - жанның рахатын сыйлайтын, дәмі үйдің жылуын еске түсіретін сусын. Оның пайдасы да мол екенін біле тұра, бір шыны ыстық шәйдан қалай бас тартуға болады?

Ал сіз шәйға сүт қатып ішесіз бе?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: oootao.com

7960 4
Рейтинг: +1

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 27 қараша 2012, 12:35
Пікірлер
+0
27 қараша 2012, 14:07

Шыны керек, іше алмайды екенмін

+0
27 қараша 2012, 17:02

Мен сүтсіз шәй іше алмаймын

+0
23 желтоқсан 2012, 01:55

сутпен шай ишем мен керемет сол

+0
03 сәуір 2013, 16:28

терлеп-тепшип сутпен шай ишкенге не жетсин)))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)
Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)

Қызық болған,бұзық болған ауылым :)

МЕН ӨТІРІКШІМІН...
МЕН ӨТІРІКШІМІН...

Мен ылғи өтірік айтамын, маған сенгендерге күліп қарап....

Қып-қысқа блог. Оқыңыз!
Қып-қысқа блог. Оқыңыз!

"Маған сенесіңдер ме?" дейді махаббат...

Мақсат-арманға жету жолындағы алғашқы баспалдақ.
Мақсат-арманға жету жолындағы алғашқы баспалдақ.

"Мен істей аламын" демеңіз, "Мен істеймін" деңіз"!


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...