Қорқынышты кино көріп, салмақ тастайық

Қорқынышты кино көріп, салмақ тастайық

Мамандардың сараптамасы бойынша, бір жарым сағат қорқынышты фильмді тамашалау сізді 113 калорийден арылта алады. Бұл 30 минуттық жаттығуларға тең.

Мамандардың тәжірибесі нәтижесі осындай қызықты фактіні көрсетті. Тәжірибеге жүйке жүйелері мықты 10 кісі қатысты. Олар танымал қорқынышты фильмдерді тамашалағанда, ғалымдар олардың жүрек соғысын, тыныс салуын, басқа да көрсеткіштерді санап отырды. Зерттеу нәтижелері мынаны көрсетті. Фильм барысында көрермендерде адреналин гормонының көптеп бөлінуі байқалыпты. Жүрек соғысы жиілеп, қан тез жүгіре бастайды. Адреналин метаболизмді тездетіп, тәбетті басады екен. Сондықтан осы уақытта калориялар да жойылады-мыс.

Арықтауға көмектесетін ең жақсы фильм Стивен Кингтің романы бойынша түсірілген Стэнли Кубриктің "Шұғыла" фильмі болды. Ол сізге 184 калориядан арылуға көмектеседі. 

Арықтауға арналған үрейлі фильмдердің үздік ондығына сондай-ақ келесі фильмдер кірді.

"Азу" - 161 калорий

"Шайтан қуу" - 158 калорий

" Ара" - 133 калорий

"Шегіршін көшесіндегі сұмдық" - 118 калорий

Алайда бұл әдіс тек сіз фильмдер көру барысында майлы қуырылған картоп жемесеңіз ғана іске асатынын ұмытпаңыз.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: topnews.ae

С. А