Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / Күлімсіреңіз!

Күлімсіреңіз!

Күлімсіреңіз!

Күлкі өмірді ұзартады деген тұжырым баршамызға белгілі. Жайдары көңіл мен беттегі күлкінің тағы қандай пайдасы бар?

Тіпті, өтіріктен күлімсіреу сіздің көңіліңізді көтере алады. Психологтардың айтуынша, езуде әрең тартылған жалған күлкі де шын мәнінде көңілді көтереді.

Күлкі иммунды жүйеге көмектеседі. Біз күлген сәтте денеміз босаңсып, дем алады екен. Ал бұл жалпы иммунитетке пайдалы.

Күлкі жұқпалы. Қасыңыздағы біреу есінесе, сіздің де есінегіңіз келетіні белгілі. Күлкі де дәл солай жұқпалы болатынын ғалымдар дәлелдеді.

Күлкі стресстен сақтайды. Әрине, күлкі мен көтеріңкі көңіл-күй стресс пен депрессияларға қарсы тұра алады. Ол оптимистік ойларға бастау болып, қайғыларға берілмеуге көмектеседі. Уайымдаған кездері күлкілі кино көруге, не достарыңызбен жиналуға болады.

Қабақты түю күлуден қиынырақ. Қабақты түйгенде біз беттің әлдеқайда көп бұлшық еттерін іске қосамыз. Яғни, көңілдің түскені жайдары болғаннан көбірек күш құртады.

Күлкі - бақыт белгісі. Біреумен танысқанда, амандасқанда, комплимент естігенде күлімсірей бастаймыз. Бұл басқаларды өзіміздің бақытты екенімізді сендіру рефлексі, еріксіз басқалардың көңілінен шығу амалы. 

Жұмыста күлкі жоқ. Жұмыста біз үйдегіге қарағанда азырақ күлеміз. Сондықтан жұмыстан қатты шаршап көңіліміз түседі. Жұмыс орыныңызда күлуге себеп табуға тырысыңыз. 

Сіз күлгенде бетіңіздің 53 бұлшық еті жиырылады. 

Сәбилер күле білу қасиетімен туылады. Сәбилер анасының жатырында да күлімсіреп, осы қасиетпен дүниеге келеді екен.

Жайдары күлкі мансаптың өсуіне көмектеседі. Көңілді, бақытты адамды бастығыңыздың байқамауы мүмкін емес.

Күлкіні техника да таниды. Қазірде көптеген жұмыс орындары автоматтандырылған техникамен алмасты. Олардың көбісі адамдарды күлкісі бойынша таниды екен. Күлкіні суретке түсіретін фотоаппараттар сынды заман ғажаптары адам бетіндегі күлкіні оңайлықпен тани алады екен. 

Әйелдер ерлерге қарағанда жиірек күлімсірейді. Мүмкін содан әйелдердің орташа есеппен өмір жастары ұзағырақ болар?

Күлкі макияждан да жағымды. Жүргізілген сараптамалардың нәтижесі ер кісілердің 69%-ы жақсы макияждан гөрі жай күлімсіреген қыздарды сымбаттырақ деген. 

Күлкінің 19 түрі бар екен. Оларды сыпайы "қоғамдық" және шын жүректен шыққан күлкі деген екі топқа бөлуге болады. 

Күлкінің сонша пайдасы бар екенін біле тұра, қалай күлмеске?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: pixel-mix.ru

6070 6
Рейтинг: +2

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 15 қараша 2012, 15:37
Пікірлер
+0
15 қараша 2012, 15:22

Таңертең бірге тұратын бір құрбым өзін қинап күліп отырған ))) "Өтірік күлкі адамға пайдалы. Өтірік күлем деп шын күліп кетесің" деп )))))

+0
15 қараша 2012, 15:33

Қәзір өтірік күлудің "шебері" болдыққо. Адамдармен жұмыс жасағанды жақсы көрем,қәзіргі жұмысым сондай. Кейде адамдар "нервына" тиіп ашуландырады,сондада ашуланып,дауыс көтере алмайсын. Жай бетіне жымиып қарап тұра берсең,ол адамның өзіде қалайй күліп жібергенін байқамайды.

+0
15 қараша 2012, 17:05

:lol:

+0
15 қараша 2012, 17:54

Өте көп күлем, ылғи жымиып жүрем :P :P :P

+0
15 қараша 2012, 19:49

Бәрінен де ұйықтап жатқан сәбидің күлетіні күшштіііііііііііііі, қарап отырып өз көңілің де кәдімгідей көтеріліп қалады.

+0
21 қараша 2012, 17:20

күлкінің пайдасы көптігін оқығаным бар, бір рет көзден жас шыққанша күлудің өзі қанша энергия береді. Дегенмен де бетке әжін түсіретіні бар демесе

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...