Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / Алматылықтар ТМД-лық рекорд орнатты

Алматылықтар ТМД-лық рекорд орнатты

Алматылықтар ТМД-лық рекорд орнатты

Қант диабетімен күресті қолдау мақсатында ұйымдастырылған флешмоб ТМД елдерінің рекордтар кітабіна енді.

Диабетке қарсы флешмоб бүгін, яғни, 2012 жылдың 14 қарашасында Бүкіләлемдік диабетпен күресу күнінде Алматыдағы Республика сарайының алдында өтті. Шара ұйымдастырушылары қатысушыларға көк түсті шарлар таратып, жиылғандарды шеңбер құруға шақырды. Айта кетелік, көк түсті шеңбер диабетпен күресудің символы болып табылады. Флешмоб қатысушыларына сонымен қатар диабет туралы ақпарат жазылған брошюралар таратылды. Шара эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен концертпен жалғасын тапты.

Шеңбердің ұзындығы 88 метрді құрады. Ал оның қалыңдығы 8,5 метр болды. Флешмобқа ұзын саны 1120 адам қатысты. Бұл мәліметтерді арнайы өлшемдер жүргізу үшін әдейі келген Ресейдің рекордтар кітабының өкілдері айтты.

"Бұл диабетпен күресушілердің осы уақытқа дейін құрған ең үлкен шеңбері болып отыр. Сондықтан осы шара ТМД елдерінің рекордтар кітабына енетін болады.  Мен сіздерді құттықтаймын", - деді Ресейден келген өкіл Алексей Свистунов.

Айта кетелік, қазіргі кезде диабетке шалдыққандардың саны әлемде жылдан жылға көбейіп, артуда. 2011 жылғы мәліметтер бойынша, соңғы 30 жылда диабетиктердің саны екі есе өсіп, 350 миллионға жеткен. Ал Қазақстанда бұл көрсеткіш 700 мың адам болып отыр.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: tengrinews.kz

2045 4
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 14 қараша 2012, 15:59
Пікірлер
+0
14 қараша 2012, 17:21

Жақсы жаңалық екен

+0
15 қараша 2012, 23:22

неге тобесинен тусирмеген суретти :!:

+0
15 қараша 2012, 23:43

Шеңбердің ұзындығы болатынын бірінші рет есітіп тұрмын :shock:

+0
16 қараша 2012, 02:29

уф біздікілер барды осыған дірдектеп, мен истинный мегаботан ретінде сабақта қалдым :ugeek:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Ктк арнасының назарына
Ктк арнасының назарына

Қазақ қай кезден жариялылықты хош көрмеген. Бұл нəрсе бүлікке əкеледі деп...

ШОКО ƏЛЕМ-5
ШОКО ƏЛЕМ-5

Аждан айдаһар

АҚ КӨЙЛЕК
АҚ КӨЙЛЕК

Күйеу жігіт қалыңдықты құшып тұр, Қалыңдықтың қыпша белі үзіліп.

"Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?"

Бірі – Батысты, бірі – Шығысты мойындатқан, мойындатып жүрген тұлғалар.


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...