Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Көктемгі аллергия туралы не білуіміз керек?

Көктемгі аллергия туралы не білуіміз керек?

Көктемгі аллергия туралы не білуіміз керек?

Тозаңға аллергиясы (ғылыми атауы – поллиноз) бар адамдар жиі кездеседі. Оны тұмау, көздің жасаурауы, көздің қызаруы, жөтел сынды белгілерінен оңай анықтауға болады. Көктемгі аллергия туралы шағын ақпарат ұсынамыз.

Бұл ауру қалай пайда болады?

Өсімдік тозаңына аллергия жылдың кез келген уақытында пайда болуы мүмкін, алайда адамдардың көпшілігі онымен көктемде ауырады. Себебі көктемде 100-ден аса өсімдік түрлері гүлдейді.

Тозаң мұрынға кірген кезде иммунды жүйе оны қателесіп, қауіп ретінде қабылдауы мүмкін. Мұндай жағдайда ол ағзаға вирус кіргендей антиденелер түзе бастайды. Сол кезде қанда гистамин деңгейі жоғарылайды, сондықтан ол аллергия белгілерін қоздырады. Неліктен бұлай болатындығын ғалымдар әлі де анықтамады.

Аллергияны қоздыратын ағаштар

Аллергия ақ қайың, көктерек, шаған, қандыағаш, бүк ағашы, терек, шегіршін, үйеңкі, емен, ақ тал гүлдегенде пайда болады.

Алайда аллергия ағаштардың гүлдеуімен шектелмейді. Ағаштардан соң шөптер мен бұталар гүлдей бастайды. Құрғақ әрі желді күндері олардың тозаңдары жүздеген километрге дейін тарайды.

Аллергияны суық тиюден қалай ажыратамыз?

Басты айырмашылық – аллергия кезінде температура болмайды. Аллергиялық тұмау әдетте қатты түшкірумен, мұрынның қышуымен және көздің қызаруымен қатар жүреді.

Поллиноздың мынадай тағы бірнеше айрықша белгілері бар:

- Көздің ауыруы және жасаурауы;
- Түнгі жөтел;
- Беттің қызаруы;
- Таңертең өзін нашар сезіну;
- Әлсіздіктің бір аптадан аса уақытқа созылуы;
- Белгілер үйде немесе жаңбыр кезінде далада басылады.

Уақытылы емделмеу неге алып келеді?

Өмір сапасы нашарлайды: аллергиялық тұмау шырышты қабықты тіртіркендіреді, бас ауруын шақырады, ұйықтауға кедергі келтіреді. Поллиноздың ұлғайған түрінің арасында тыныс демікпесі кездеседі.

Гүлдеу кезеңіне қалай дайындалған жөн?

Егер белгілер жыл сайын пайда болып отырса, алдын ала дәрігерге жазылып, наурыз айында анализ тапсыруды бастап кетіңіз. Дәрігер аллергенді анықтаған соң дәрілер жазып береді. Дәрілерді өздігінше ішпеңіз: жанама әсерлер болмас үшін дәріні тек дәрігер жазып бергені дұрыс.

Балаларда жиі кездесетін аллергия түрлері

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: pixabay.com, freepik.com
Қосылған күні: 13 наурыз, 11:34

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.