Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / Еркектер неге қысқа өмір сүреді?

Еркектер неге қысқа өмір сүреді?

Еркектер неге қысқа өмір сүреді?

Статистикаға сай, әйелдер еркектерден ұзақ өмір сүреді. Неге? Негізі, ер адам физикалық тұрғыдан күшті және шыдамды болып келеді емес пе? Ал қыз-келіншектер әрдайым уайым мен стреске бейім, нәзік жан ғой. «Ерлер неге бірінші кетеді» деп аталған американдық зерттеу бұл жағдайдың себебін ашып, оны өзгертудің амалдарын тапты.  

Деректер

Зерттеу авторлары ерлерге мұндай ақпаратты шошына қабылдамай, статистикаға назар аударуға кеңес береді:

  • Жүректің ишемиялық ауруы ерлерде 3 есе жиі кездеседі екен.
  • Әр жаста өз-өзіне қол салатын әйелдерден гөрі, еркектер басым көрінеді.
  • Адам өлтіру мен өз-өзін өлтіру 15 пен 34 жас аралығында ер азаматтар арасындағы үш негізгі өлім себебіне жатады.
  • 85 жасқа жеткен әйелдер қатары еркектерге қарағанда, 2:1 қатынасына тең.

 «Неге ерлер бірінші көз жұмады?»

Мамандар ерлер өмірін қысқартатын биологиялық, мәдени және жеке факторлар қатарын анықтаған.   

Психологиялық фактор

Ерлер психологиялық тұрғыдан әлсіз және шыдамсыз болғандықтан, олардың арасындағы өлім-жітім де жоғары. Әйелдер өз сырқатымен табанды күресіп, денсаулығын мұқият қадағаласа, ерлер бұл мәселеде мұндай жауапкершілікпен мақтана алмайды.             

Ер адамдар дәрігер кеңесіне құлақ аспай, тексеруден өтпей, сырқаттанғанда «өзі кетеді» деп, медициналық көмекке жүгінбейді.  

Тәрбиенің денсаулыққа әсері

Ерлердің ауруға шыдап, дерттің айқын белгілеріне назар аудармауының себебі: оларға кішкентайынан: «Шыда, қиналып тұрғаныңды көрсетпе, шағымданба. Сен жігітсің ғой», - деп үйретеді. Статистика бойынша медициналық көмекке жүгінген еркектердің жартысынан көбі әйелі мен туысқандарының табанды ықпалының арқасында ғана немесе жағдайы қатты нашарлағанда ғана дәрігерге келеді екен. Осыған орай, тәрбие ерекшеліктері де еркектерді өлтіреді деуге негіз бар.  

Ер адам өмірін қалай ұзартуға болады?

Мамандардың айтуынша, ер адам денсаулығын жіті қадағау қажет. Бқл орайда жақын адамдарының – әйелінің, анасының, апа-қарындасының, қызының рөлі маңызды. Әйелдер омырау қатерлі ісігін жеңе алса, өз еркегінің денсаулығын сөзсіз сақтай алады.     

Дәрігерлер мезгілсіз өлімге әкелетін себептерді сараптай отырып, ерлер өмірін ұзартудың мынадай ережелерін ұсынады:

1. Әрқашан дәрігермен ашық сөйлесіңіз. Ұятты кабинеттің сыртында қалдырған жөн. Қыз-келіншектер жастайынан өз проблемаларын дәрігерге ашық айтып үйренеді. Ер адамға кей симптомдарды айту ыңғайсыз болуы мүмкін, бірақ оларды айтып өту қажет, себебі дәл сол белгі ауыр сырқатты анықтауға көмектесуі мүмкін. Дәрігер алдындағы мұндай жалған ұяңдық өміріңізден артық емес. Ер адамдар аталық жыныс безін жүйелі түрде тексеруден өткізіп тұру керек. Бұл ең жағымды әсер болмағанмен, простата қатерлі ісігі машақатынан жеңіл.

2. Тестостерон деңгейін тексеріңіз. Шамамен 30 жастан кейін ер адамның тестостерон гормонының деңгейі жыл сайын 1%-ға төмендеп отырады. Ал тестостеронның төмен көрсеткіші өмірлік тонус пен бұлшық ет салмағын азайтып, есте сақтау қабілеті мен зейінді нашарлатып, либидоны төмендетеді. Мұның барлығы жабығуға әкеп соқтырады. Ал одан еркек денсаулығы сыр беріп, ишемиялық ауру қаупін тудырады. Тестостерон шығынына диабетпен ауыратын адамдар көбірек ұшырайды. Өмірлік маңызды гормон жетіспеушілігін гель, пластырь, егу  арқылы тез толтыруға болады. 

Мәселеге қатысты алып-қосар ойларыңызбен бөлісе отырыңыз.

Жалғасы бар

Суреттер  zdorovieinfo.ru сайтынан алынған

2641 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 08 ақпан 2012, 10:00
Пікірлер
+0
08 ақпан 2012, 09:39

Ер адамдардың шыдамсыздығына шүбә жоқ...

+0
08 ақпан 2012, 10:38

себебин айтайын ба?))еркектин айели бар....тусинетиндер тусинди..))

+0
22 ақпан 2012, 17:24

Әйелдер еркектерін қызғанбаса еркектер ұзақ өмір сұретін еді!

+0
08 ақпан 2012, 14:57

Айналайын жігіттер, көп жасаңдаршы!

+0
22 ақпан 2012, 17:22

Осы әйелдер ғой бізді жеп қоятын!

+0
09 ақпан 2012, 16:13

Еркектер-ау уайымдағандарынды іштерінде тыймасаңдар ұзын ғұмыр кеше едіңдер.

+0
22 ақпан 2012, 17:22

Сонда бізге өсек айтыңдар деп тұрсыңба?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Енді не болмақ
Енді не болмақ

«Адал еңбек, ақ пейіл, мейірім жоқ – Осы болар таза ақыл өлді демек»- деген екен...

"Папаңнан" ұят болмасын...

Мен ұғынып болмаған тәрбие

Құлағыңды кесіп алайын ба?!
Құлағыңды кесіп алайын ба?!

Құлақ есту үшін бе әлде бастың пішінінің әдемілігі үшін бе?


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...