Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / Бас сақинасы ауруы

Бас сақинасы ауруы

Бас сақинасы ауруы

Әлемдегі әрбір бесінші адам бас ауруынан зардап шегеді екен. Олардың көбі бас сақинасы ауруына шалдыққандар. Бас сақинасы кезінде басыңыз жиі ауырып, кейде дәрі де көмектеспейтін дәрежеге жетеді. Көбінесе мұндай ауруға 20 мен 40 жас аралығындағы адамдар ұшырайды екен. Аурудың неден пайда болатыны әзірге белгісіз, бірақ көбінесе жұмысты ойлауды қажет ететін адамдардың осы аурумен ауыратыны анықталып отыр. Бас сақинасына тән ерекшелік: бастың бір бөлігі ауырады, көбінесе самай мен маңдай тұсында және көз айналасында пайда болады. Ауырған адам жарық пен дыбысты жақтырмай, көз көруі қиындап, жүрегі айнып, құсуы да мүмкін.

Әдетте бас сақинасы қатты күйзелгенде, шектен тыс жұмыс істегенде, шаршағанда өршиді. Сонымен қатар бас сақинасымен нәзік жандылар ерлерге қарағанда 3-4 есе көп ауырады. Бұл олардың тым сезімтал келуімен түсіндіріледі. Жуырда дәрігерлер әйел адамдарда бас ауруын қоздыратын тағы бір себепті анықтады – бұл жүктіліктен сақтандыратын дәрілер екен. Дәрі-дәрмектерді дұрыс таңдамаған жағдайда немесе сол  әйелдің гормоналды деңгейімен сәйкес келмейтін жағдайда, дәрігер кеңесінсіз пайдаланғанда, етеккір келген уақытта   контрацептивтерді дұрыс таңдамаудан гормон саны жоғарылап, соның салдарынан бас ауыратын жағдайлар көптеп кездеседі.

Әлбетте бас ауруының барлық түрі бас сақинасы болып саналмайды. Аптасына 1-2 күн, не күнде басыңыз ауырса, бұл бас сақинасы ауруына шалдыққандығы жайлы ақпар береді. Бас ауру ұстамасы ұстаған кезде дәрі-дәрмектер де көмектеспей қалатын кездер болады. Мұндайда мануалды терапевтерге қаралған жөн. Олар мойын омыртқасы мен бастағы тиісті нүктелерге массаж жасау арқылы бас ауруды жазуға, не жеңілдетуге тырысады. Бірақ, әлбетте ауруды асқындырып алмай, ертерек емдету қажет.

Бас ауруы басталып жатқанда тәтті тіске басармен қою қара шай, не кофе ішіп алғаныңыз жөн. Сонымен қатар глюкоза ауру ұстамасының алдын алуға көмектеседі. Анальгин және тағы басқа ауруды басатын дәрілер ауруды емдемейді, тек уақытша басады. Ең дұрысы бас сақинасы ұстағанда қараңғы бөлмеге кіріп, 2-3 сағат ұйықтап алу.

Бас ауруын зерттеу және оны жазу өте күрделі. Сол себепті алдын алуға тырысыңыз. Алкоголь, темекі сияқты ағзаға кері әсерін тигізетін құмарлықтан аулақ болған жөн. Жұмысыңыз отыруды көп қажет ететін болса, арасында үзіліс жасап, мойыныңызға, басыңызға жаттығулар жасаңыз. Қан дұрыс айналуы үшін тұрақты спортпен шұғылданған жөн, таза ауада көп серуендеңіз. Уақытылы тамақтанып, ағзаға пайдалы дәрумендерді ішіп тұрыңыз.

Деніңіз сау болсын!

Сурет alebed.org сайтынан алынды.

10382 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 07 ақпан 2012, 11:00
Пікірлер
+0
07 ақпан 2012, 11:29

"Басымның сақинасы ұстап қалды" деп жатады ғой үлкендер. Ал шәй ішпегеннен болатын бас ауруы ше?

+0
07 ақпан 2012, 11:33

Ол да сол бас сақинасынан болар. Шай қанды тез айдап, бас қан айналымын реттейді.

+0
07 ақпан 2012, 11:57

Осы аурумен қазіргі таңда жас балалар көп ауырады(((((

+0
07 ақпан 2012, 15:12

Ал мен цитромон ішемін...

+0
11 ақпан 2012, 16:51

Охо, менің басым жиі ауыратын еді. Осы менің сақинам бар шығар. Көп рахмет

+0
11 ақпан 2012, 17:12

Шәй ішпесем басым қоймайды дегендерге алдында күлкім келетін, қазір өзім жұмыс жасағалы сол кісілердің жағдайын түсінетін болдым )))

+0
19 ақпан 2012, 21:40

Қткен жолы жұмыстармен жүріп таңғы, түскі ассыз қалып, үйге кешке талып қала жаздап әзер жеттім. Таксиде құлап қаламын деп ойлап қорықтым шыны керек, үйге дейін жетіп алдым да, үйге кірген соң басым одан сайын сынып тұрды. Нимез ішіп алдым да, қымтанып жатып қалдым. Сосын асықпай тамақтанып алдым, тамақтанып болған соң ғана бас ауруым тоқтады. Маған негізімүлде аш қалуға болмайды, кейде аш қалатын уақыттар болады, талып қаламын ба деп қорқамын туыстар қасымда болмағанда қиын ғой (((

+0
19 ақпан 2012, 22:18

Бұлай болмайды ғой, дәрігерге тексеріліп көріңіз

+0
19 ақпан 2012, 22:21

әрине тексерілдім, емделдім де. Аш қалуға болмайды, кейде жұмыстармен жүгіріп жүріп асты 2ші орынға ысырып қоятыным бар.

+0
19 ақпан 2012, 22:21

Өзіңізге абай болыңыз!)

+0
19 ақпан 2012, 22:24

Рахмет )

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...