Күн суықта бассейнге түсудің пайдасы зор, ал қыздарға жоқ...

Күн суықта бассейнге түсудің пайдасы зор, ал қыздарға жоқ...

Күн ыстық... Суға түсіп келейін деген арманыңа ешкім де тосқауыл бола алмайды. Ал күн суытқанда мұндай «құқықтан» айрыласың. Үйде сағаттап отырып, далаға аз шығамыз. Әсіресе қалалықтар бір күн бойы далаға шықпай үйде отырып алады.

Мұндай өмір салты адам ағзасын әлсіретіп, түрлі ауруларға алып келеді. Сондықтан да қысты күні бассейнге бару өте пайдалы. Суға түскен соң, адам денесі ширығып, бойға қан жүгіреді. Дене бұлшық еттері мен буындар қозғалысқа келеді. Дәрігерлер жұмысын бірқалыпты қозғалыссыз отырып жасайтындарға бассейнге бару керектігін айтады. Сонымен қатар, омыртқа сүйегі ауыратын жандарға да суға түсіп, денені шынықтыру пайдалы. Себебі су қысымы омыртқаңыздың барлық бөлшегін іске қосып емдей алады екен. Суға шомылу кезінде адам ағзасында өте көп мөлшерде каллория жұмсалады.

Бассейнге барып тұратын адамның жүйке жүйесі шаршамайды әрі жүрегі бір қалыпты соғады. Адамның көңіл-күйі де бассейнге барған соң жақсы жаққа өзгеретінін айта кетейік.  

Бір қызығы, америкалық дәрігер мамандар бойжеткендерге суға көп түспеу керектігін айтып, ескерту жасап отыр. Неге десеңіз, шомылу қыз баланың дене сымбатын бұзып, ер адамның дене бітіміне ұқсатып жібереді-мыс. Мұнымен қоймай, қыз балалардың бассейнге баруынан шашы түсетіні анықталған. Висконсина университетінің ғалымдары «әлсіз» жыныстылардың бассейнге бармай, табиғи таза су қайнарларында шомылуын дұрыс деп тапқан.

Жетекші трансплантолог және шаш түсу проблемаларымен айналысатын сарапшы Лари Шапиро шаш түсудің негізгі себептері деп арықтауға арналған дәрі-дәрмектер мен құрамында ақуыздары көп заттарды пайдалануды атап өткен екен...

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: fotokanal.com

А. Құлтай