Тамақты артық жеп қою мен ұйқының қанбауы

Тамақты артық жеп қою мен ұйқының қанбауы

Түнімен ұйықтай алмай, таңмен әрең тұрасыз ба? Назарыңызға жақсы ұйықтауға кері әсерін тигізетін азық-түлік тізімін ұсынамыз. Өз мәзіріңізден осыларды алып тастап, тәтті ұйқыға бөленіңіз.

  1. Сүрленген тағам,  шұжық, сосиска мен сардель құрамында тирамин аминқышқылы болады. Олар ағзаны шектен тыс сергектендіріп, ұйықтатпайды.
  2. Майлы тәтті кремдер – оларда да тирамин өте көп.
  3. Құрамында кофеин бар барлық тағам, тек шай мен кофе ғана емес, сонымен қатар қара шоколад пен тирамисудан да бас тартыңыз.
  4. Алкоголь сіздің тез ұйықтап кетуіңізге көмектесуі мүмкін, бірақ ұйқы фазасын бұзып, нәтижесінде сіз шала ұйқылы боласыз.
  5. Тәттілер – ұйықтар алдында желінген көмірсулар сізге артық энергия береді.
  6. Энергетикалық сусындардан толығымен бас тартыңыз. Бұл денсаулығыңызға аса қауіпті!

Және шектен шықпауға тырысыңыз: егер сіз кешкі тамақ ішпей жатсаңыз, түнгі аштық сізді оятудан ұялмайды. Ал егер тым жай тамақтансаңыз (ұйықтарға дейін 2 сағаттан кем уақыт) немесе асты тым көп жесеңіз, онда ас қорыту жүйесі түнімен жұмыс істеп, сізге ұйқы бермейді.  

Сурет vitamarg.com сайтынан алынған