Адам денесінің сырлары

Адам денесінің сырлары
Күнделікті өмір барысында біз өзіміздің денеміз бен ағзамыздағы қызықты жайттарға көңіл аудармайды екенбіз. Алайда денеміздің де сансыз сырлары бар екен.
  • Адам өкпесінің ауданы 100 шаршы метр шамасында. 
  • Оң өкпеге сол өкпеге қарағанда көбірек ауа сыяды.
  • Сіз күніне 23 000 рет дем аласыз.
  • Бір рет жиырылғанда жүрек 200 мл қанды айдайды екен.
  • Қанның толық айналымы: ересектерде - 20-28 секунд, балаларда - 15 секунд.
  • Бір күнде адамның қаны 1,5-2 мың рет денеңізді айналып шығады.
  • Жүрек-тамыр жүйесінің белсенділігі кешкі сағат 6-да ең жоғары, 3-4-те - ең төмен.
  • Күніне адам 7-10 км (10000-14000 қадам) жасайды.
  • Адам ағзасындағы ең мықты бұлшық ет жүрек емес, тіл екен. Жүректі ең төзімді десе болады.
  • Адамның денесінде өсетін бар шаштың ортақ ұзындығы - 725 километр.
  • Қол тырнақтары, аяқ тырнақтарына қарағанда 4 есе тезірек өседі.
  • Күні бойы адам денесінің шығаратын жылуы 33 литр мұздай суды қайнатуға жетер еді.
  • Өмір бойы бір кісі 2,5 тонна ақуыз, 1,3 тонна май, 17,5 тонна көмірсу мен 75 тонна су қабылдайды.
  • Күніне бір қорап темекі шегетін адам, жылына жарты стақан шайыр ішкендей болады.
  • Әйелдер ер кісілерге қарағанда 2 есе көп көз жыпылықтатады.
  • Адамның әр саусағы өмір бойы 25 миллион рет бүгіледі екен.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: vk.com

С. А