Денсаулығында ауытқушылығы бар адамдар

Денсаулығында ауытқушылығы бар адамдар
  • Суықты сезбейтін ер адам

Девид Блейн есімді ер кісі мүлде суықты сезбейді. Сондықтан болар, оның ағзасы суықтан зардап та шекпейді. Ол қаншаа рет іш киіммен ғана қарлы тауларды бағындырды. Тіпті кейді суық суға ұзақ уақыт жатып алды. Дәрігерлер оның денсаулығана қанша үңілсе де, кемшілік таба алмады. Ғалымдар да бұл жағдайға келгенде, ауыздарына құм құйып алады. Ал Девид жұртшылықты таңдандыруын әлі де жалғастырып келеді. 

  • Ұйқысыз бала

Үш жастағы Ретт Ламбтің айкезбелерден ешқандай да айырмашылығы жоқ. Ол мүлде ұйықтамайды, ұйықтай да алмайды. Оол 24 сағат бойы белсенді түрде ұйқысыз жүре береді. Ол үшін ол әлсіреп, ұйқысырамайды да. Дәрігерлер көптеген терең зерттеулерден кейін мұның себебін анықтады. Баланың жүйке жүйесі күрделілірек, әрі өзгеше орналасқан. Оның түн бойы ұйықтамай жүруі де сондықтан. Бірақ дәрігерлер бұл баланың денсаулығына ешқандай да зиянын тигізбейтінін айтуда.

  • Судан аллергиясы бар қыз

Австралиялық тұрғын қыз Эшли Моррис сирек кездесетін аллергияға тап болған. Оның судан аллергиясы бар екен. Суға шомылу былай тұрсын, бір тамшының өзінен денесі тітіркенеді. Бұл жайт оның өмірін қиындатып отырғаны айтпаса да түсінікті. Дәрігерлердің түсіндіруінше, Эшли сирек кездесетін Aquagenic Urticaria ауруына душар болған.

  • "Tic Tac"-тан өзгеге тәбеті жоқ қыз

Жоқ, оның есі дұрыс! Ол бұл дражені өз еркімен жемейді ғой. Жәй ғана оның осы  Tic Tac-тан басқаға тәбеті ашылмайды. Наталия Купер өзінің асқазаны басқа тағамды қабылдамайтынын айтып ағынан жарылуда. Дәрігерлер оған қоректік концентранттармен түтікше арқылы тамақтануға кеңес беруде. 

  • Үнемі ықылықтап жүретін музыкант

24 жастағы Крис Сандс соңғы жылдары өзінің ықылығын доғара алмай келеді. Ол әр екі секунд сайын ықылықтайды. Тіпті ұйықтап жатса да. Оның осыған қарсы жасамаған әрекеті қалмады. Курстарға қатысты, йога мен гипнозға да жүгінді. Түк те шыққан жоқ. Ол мұның бәріне кінәні асқазаннан іздейді. Бірақ дәрігерлер әлі нақты шешімін айтқан жоқ. Оның денсаулығы күрделі тексерістен өтіп жатыр.

  • Күлгенде есін жоғалтатын қыз

Бұл қыз тек күлгенде ғана емес, ашуланғанда, қорыққанда, қатты қуанып таңданғанда есінен адасады. Кей Андервуд есімді қыз кез келген жерде, кез келген ортада, кез келген уақытта ұйықтап қала береді.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: passions.cc

А. Әбілхан