Оқи отырыңыз

...театр деген нәрсе ермек емес, көңіл көтеру де емес, ол – үлгі, ол – тәрбие, өнер орны.

Автор: Ж.Аймауытов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / Диета құрысын, қарным ашты!

Диета құрысын, қарным ашты!

Диета құрысын, қарным ашты!

Диета ұстағалы, қарныңыз ашып, ашуыңыз келіп жүр ме? Бұл ағзаның аштыққа қарсы жауабы. Сондықтан қатаң диетаға бірден отырмай, өзгерістерді біртіндеп енгізіңіз.

  1. Тәттіні сүйіп жейсіз бе? Ендеше мынандай ереже ұстаныңыз. Тәттіні тек 13.00-ге дейін жеп үлгеріңіз. Әрине аш қарынға емес. Ми жұмысы белсенді болатын осы уақытта желінген тәтті артық салмаққа емес, миға отынға айналады. Тәтті ретінде қара шоколад таңдасаңыз болады.
  2. Асқа отырмас бұрын, 15 минут қалғанда бір стақан таза су ішу - күнделікті ережеге айналсын. Осылайша ас қорыту жүйеңіздің жұмысы тезірек қосылып, тамаққа тезірек тоясыз. Сондай-ақ жұмыстағы шәй, кофелерді еш тіскебасарларсыз ішіп үйреніңіз.
  3. Таңғы асқа ерекше көңіл бөліңіз. Мінсіз таңғы ас - ботқа. Оған қанттың орнына бал, кептірілген жемістер қосыңыз. Ботқадағы көмірсулар ағзаңызға энергия тасымалдаушы. 
  4. Тағамыңыздың үлесін азайтыңыз. Күніне 5 рет кішкентай тәрелкеден тамақтаныңыз. Арасында тіскебасарлардан бас тартыңыз, не орнына жеміс-жидектер жеуді әдетке айналдырыңыз. Ауыр тағам түрлерін тек түскі асқа қабылдап, жалпы ішетін асыңызға үлкен көңіл бөліңіз. Майлы, қуырылған тағамдарға "жоқ" деп, буға пісірілген көкөністерді жеп үйреніңіз.
  5. Көкөніс пен сүт тағамдары күнделікті рационыңызда болуға тиіс. Сүзбе, ірімшік, йогурттардың арасынан аз майлысын таңдап жеңіз. Айран да күнделікті сусындар қатарынан табылатын болсын.
  6. Үйіңізде ылғи торт, тәтті бәліштер, кәмпиттер бола ма? Ендеше оған қоса тоңазытқышыңызда әр уақыт жемістер болсын. Тәтті жегіңіз келіп қалса, кәмпиттерден гөрі жемісті таңдаңыз.
  7. Диета ағзаны ғана емес, жүйкені де азаптайды. Диета кезінде ашу үстінде жиі болатындығыңызды ұмытпаңыз. Аш қарынмен маңызды кездесулерге бармаған жөн. Стресс кезінде артық тамақ жеп қою ғажап емес.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: angrytrainerfitness.com

6902 5
Рейтинг: +3

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 16 қазан 2012, 15:36
Пікірлер
+0
16 қазан 2012, 16:32

өте қажет нәрселер

+0
16 қазан 2012, 16:38

Өзім жазатын дүниелерді қашан ұстанады екенмін? :roll:

+0
16 қазан 2012, 17:26

Айтпа!... :D

+0
16 қазан 2012, 16:39

Қай елдің қыздары екенін білмим әйтеуір "қарның ашса - су іш" деген қағиданы сақтайды екен (тек су деген жоқ, тек тамақ жемеу керек уақытта жегісі кеп тұрса - су ішкен)...

+0
16 қазан 2012, 18:22

Диета устаган емеспiн,ал аппетит агам айткандай "дерзский". Адам семiрiп кетем деп ойланып жесе,семiре бередi. Ен бастысы,дурыс шайнап жеу. Сонда диета-миета дегендер кажет болмайды.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

"Том Сойермен балалық шаққа..."

Марк Твеннің таңдаулы туындылары

Автор: Nazym Samet
Жетінші аптаның үздік блогы
Жетінші аптаның үздік блогы

Демалыс кезінде блог жазуға да уақыт тапқан оқырмандарымызға алғыс айтамыз

"Мен өзінді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем!.."

. Әлемде миллиондаған аналар бар. Олардың әрқайсысы ерекше, әрі қайталанбайтын...

Мен мақтан тұтамын!
Мен мақтан тұтамын!

“Дарын – армандардың орындалатын құт мекені” деймін.

Егер мен жазушы болсам...
Егер мен жазушы болсам...

Егер мен жазушы болсам, "Махаббат, қызық мол жылдар" романының шешімі қандай...

Төрт алынған екі
Төрт алынған екі

Төрт алынған екі деген есепке төрт деп жазғаным себепті, мұғалімнен екі күн сын...

Автор: Естен Ербол

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...