Ерте қартайтатын тағам түрлері

Ерте қартайтатын тағам түрлері

"Қартаю маған әлі қайда..." деп ойлайсыз ба? Солай болса да, денсаулығыңыз бен тері жағдайына қазірден бастап қажетті күтім көрсетіп, салауатты өмір салтын ұстанып, ерте қартаюға әсер ететін тағам түрлерінен сақ болыңыз.

Қант

Құрамында көмірсулар немесе қанттар бар кез келген тағам түрі бір сәтте-ақ қан құрамындағы глюкоза шамасын күрт көтереді. Уақыт өте бұл терідегі коллаген мен эластиннің мөлшерін азайтып, терінің саулығына зиянын тигізе алады. Қант қосылған шәй, тәтті торттар күнделікті рационыңызда болса, уақыттан ерте қартаюыңыз жайлы ойланыңыз.

Ішімдік

Сөзсіз, ішімдік бүкіл ағзаны улайды. Алкогольді сусындар ағзаны қатты шөлдетеді. Ағзада судың азаюы - қартаюдың басты белгісі. Бар ағзалар осы үшін ауырып, тері әжімдерге тола бастайды. Қартаюды кейінге қалдырамын десеңіз, ішімдіктен бас тартыңыз.

Қаныққан майлар

Қаныққан майлар жануар майларында болады. Тағамға тым көп қабылданған қаныққан майлар қандағы холестериннің шамасын тым көтеріп, гипертония мен жүрек-тамыр ауруларының дамуының бастамасы бола алады.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: kuking.net

С. А