Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / Теріскеннен сақтаныңыз!

Теріскеннен сақтаныңыз!

Теріскеннен сақтаныңыз!

Балаң демей, шағаң демей, кез келген жастағы адамды айналшықтап, мазасын алатын теріскен атты "дұшпанмен" бәріңіз де таныс боларсыздар. Иә!? Олай болса, бүгінгі тақырыбымызды сол дұшпанның бетін қайтару жолдарына арнамақпыз.

Теріскен көбіне тәннің ауруға қарсы күресу қабілеті төмендеген шақта шығады. Және де күз мезгілі – теріскен көптеп шығатын мезгіл.

Ол әдетте көздің төменгі және жоғарғы жағында, кірпік арасында пайда болады. Алғашқыда қабақ ісініп, ауру сезімі білінеді.

Көбіне теріскенді сыздауықпен шатастырып алып жатады. Бұл жансақ пікір. Иә, теріскен де бездердің, мәселен көз аясын суландырып тұратын бездердің қабынуы салдарынан пайда болатын жара. Теріскен енді пайда бола бастағанда, адамның дене қызуы көтеріледі. Бұл қалыпты жағдай. Жара біресе қышып, біресе ауырып сырқатты біраз сарсаңға салады. Мұндай халді өзіңіз де басыңыздан кешіріп көрген боларсыз...

Теріскен шыққан кезде тональді крем жағып немесе қарындашпен бояйтын болсаңыз, теріскеннің әбден пісіп, жазылуына кедергі жасайсыз.

Көзіңізген теріскен шыққанын байқаған болсаңыз, міндетті түрде дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Теріскен себебін солар жасаған сараптамаға қарап анықтауға болады және қандай ем-дом жасау керектігін де сол сараптама шешеді. Емдеу жан-жақты әрі кешенді түрде жүргізілуі тиіс. Олардың қатарына түрлі дәрумендерді, антибиотиктерді, тамызатын дәрі-дәрмектерді, пайдалы майлар мен іріңді жуатын сұйықтықтарды атауға болады.

Теріскеннің пайда болу себептері де әр түрлі. Мысалы, кір қолмен көзді уқалаудан, өзге біреудің косметикалық заттарын, сүлгісін қолданудан, суықтан болуы әбден мүмкін.

Дәрігер мамандардың теріскенді үй жағдайында емдеуге тыйым салғандықтарын естен шығармаңыз.

Суреттер:ewomans.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

20743 0
Рейтинг: +2

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 06 қазан 2012, 09:23
Пікірлер
+0
06 қазан 2012, 12:51

теріскен бала кезімде шығып, бәле қылушы еді. Соған жынданып жүретінмін ылғи. Ал қазір құдай сақтасын, шықпайды

+0
06 қазан 2012, 18:49

Терiскен шыкканда колдын атсыз жане ортангы саусактарына жiп байлап коятын ырымы бар едiго. Сонын пайдасы барма,жокпа алi бiлмейм.

+0
06 қазан 2012, 19:33

мен ылғи солай жасаймын, басқа түк істемеймін, теріскен тез кетеді. Менің көзіме сыртынан емес, ішінен шығады, сол себеп, сол бір ала жіптің көмегіне жүгінем.)) Жұрттың мынау не деген сұрағына: "серт" деймін))))))))))

+0
07 қазан 2012, 09:49

әрине, пайдасы бар...кез келген нәрсеге сенсең пайдасы бар болып шыға келеді ғой

+0
06 қазан 2012, 22:15

Өткен жылы Мейіргүлге шығып еді ғой. Маған 12 жасымда шыққан, кейін ыстық қасық пен жұмыртқа домалатып кетіргенбіз

+0
07 қазан 2012, 09:25

иә, шыққан ))))))) әйтіп-бүйтіп кетірдік, ол кезде Самал ықшамауданында тұрам, жұмыс тиіп тұрса да, жұмысқа бара алмай үйде омалып отырдым ғой )) күші кеше ғана болған сияқты еді, оған да біраз болып қалыпты...

+0
07 қазан 2012, 01:35

маган осы терискен деген бале 2 жыл бойы шыккан кишкентай болып....

+0
08 қазан 2012, 10:20

көбіне өзім жазып алам, бала күнімде көп шығатын

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)
Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)

Қызық болған,бұзық болған ауылым :)

МЕН ӨТІРІКШІМІН...
МЕН ӨТІРІКШІМІН...

Мен ылғи өтірік айтамын, маған сенгендерге күліп қарап....

Қып-қысқа блог. Оқыңыз!
Қып-қысқа блог. Оқыңыз!

"Маған сенесіңдер ме?" дейді махаббат...

Мақсат-арманға жету жолындағы алғашқы баспалдақ.
Мақсат-арманға жету жолындағы алғашқы баспалдақ.

"Мен істей аламын" демеңіз, "Мен істеймін" деңіз"!


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...