Ең пайдалы сусындар

Ең пайдалы сусындар
Фото: Localway

Жаз мезгілі суық сусындардың дәурені жүретін шақ. Шөліңізді қандыру үшін қандай сусын таңдап жүрсіз? Ал деніңіздің саулығын ойлайсыз ба?

Су. Денедегі артық заттарды шығарып, асқазан жұмысын жеңілдетеді. Қан тамырлары мен буын жұмысына да ықпал етеді.

Анар шырыны. Қан тамырлары мен жүрек жұмысын қалыпқа келтіреді. Гипертония мен анемия кезінде де көмегі мол.

Жалбызды шай. Асқазан сөлі бөлінуін қамдайды, қысымды түсіріп, тыныштандырады. Ұйқысыздық арылуға көмектеседі.

Айран. Ас қорыту жүйесі жақсы жұмыс істеуі үшін осы өнімнен артығы жоқ.

Алма шырыны. Бауырдың, қуық пен бүйректің жұмысына пайдасы мол.

Мүкжидектен жасалған морс. Құрамында С дәрумені көп болғандықтан иммунитетті нығайтып, ыстыққа қарсы тұратын зат бола алады.

Түймедақ қосылған шай. Бактериаларды жоюға қабілетті, жүйкені тыныштандырып, бойды босаңсытады. 

@. @assel_assanova