Үйіңізде болу керек 8 түрлі шөп дәрі

Үйіңізде болу керек 8 түрлі шөп дәрі
Фото: vilingstore.net

Қазір медицина дамып, дәрі-дәрмектердің барлығы дерлік табиғаттан алынып, арнайы зерттеу орындарында өңделіп шығады. Өңделген өнім жағымды әсер беріп, мыңдаған адамның өмірін ажал ауызынан аман алып қалды. Дегенмен дәрінің бәрі сіздің үйіңізден табыла бермейді. Салқын тиіп немесе аздап қана аурыңқырап тұрған сәтте дәріханаға жүгіріп барып, ақшаның бәрін шашып дәрі ала берудің өзі дұрыс емес. Сондықтан сіздерге үйіңізде болуы керек сегіз түрлі емдік шөптің тізімін ұсынамыз. 

1. Қырмызы 
Қырмызы өсімдігінен тұнба және жақпа май жасауға болады. Сонымен қатар бұл емдік өсімдік адамның миын тыныштандыратын және бактерияларға қарсы тұратын қасиетке ие. Әйелдер қауымы қырмызының сығындысын бет терісіне пайдалануына болады. Бетіңіз түнімен балғын тартып тұрады. Ал қырмызыдан жасалған шайды жақсы көрмейтін адам жоқ шығар. 

2. Бақбақ 
Бақбақ көктемнің соңына қарай өседі. Бақбақ жараның аузы тез бітуіне көмектеседі. Бақбақтың бойында болатын сүті күйікке пайдалы. Бабақтан жасалған шай бауырдағы уытты заттарды тазалайды. 

3. Ырғай 
Ырғай жемісінен өте керемет шәрбат дайындауға болады. Бұл өсімдіктің жемісі таптырмас ем. Себебі суықтап қалған кезде, жөтелгенде, тұмаудың вирустарын кетіруде оның жемісі өте маңызды рөл атқарады. Оны ішкеннен кейін құрамындағы табиғи күш иммунитетті көтереді.  

4. Лаванда
Лаванданың эфир майы – әрбір үйдегі дәрі қобдишасында болуы керек майлардың бірі. Сонымен қатар, бұл майды табиғи күйінде пайдалануға болады. Лаванданың табиғи эфир майы – терінің күйіп қалғанына және үсіп қалғанына ем болады. Күйген жерге лаванда эфир майын тамызсаңыз болды, күйген орын тез жазылып, кейін орны да қалмайды. Жатар алдында лаванда майын иіскеп жатсаңыз, денеңіз босаңсып, жақсы ұйықтайсыз. 

5. Жаужапырақ немесе Сермене 
Сермене өсімдігін ұйықтар алдында шайға қосып ішсеңіз, түнімен миыңыз сергек болады. Мазасыздық пен ұйықтай алмауға апаратын түрлі дерттің алдын алады. Сермене өзінің иісімен де ерекше. 

6. Жалбыз 
Жалбыз адамның жүйе талшықтарына әсер ете отырып, адамның тыныштықта болуын қамтамасыз етеді. Тек қана емдік емес, жалбыз иісі адам баласының осал тұсы. Шаршаған кезде жалбыз ішіп алсаңыз, керемет көмек. Жалбыз асқазан ауырған кезде таптырмас ем.

7. Сәлбен 
Сәлбен емдік өсімдігі көп жағдайда өндірілген түрінде пайдаланылады. Қызу көтерілген кезде, тамақ ісіп қабынған кезде өте пайдалы. Бұл ғана емес, ол адамның жадын қалпына келтіруге тікелей көмектеседі. Сәлбеннің ұнтақ түрін тіс майына қосып, қоспа арқылы пайдалануға болады. 

8. Шүйгіншөп 
Жүйке жүйесі сыр беріп, ұйқысыз түндер жалғаса берсе, Шүйгіншөп өсімдігі бұл мәселенің жауабын табады. Себебі оның емдік қасиеті өте жоғары. Тіпті түнде мөлшерінен көп пайдалансаңыз таңда оянуыңыз қиынға соғады. 

Денсаулық – зор байлық екенін ұмытпаңыз! 

М. Ақан