Мойын күтімі

Мойын күтімі
Фото: Naget.Ru

Адамның мойын бөлігі басты көтеріп тұрады. Ол өзінің құрылымына сәйкес орталық ми мен перифериялық арқа арасында аралық аймақтың қызметін атқарады. Мойын бөлігіндегі аурулар, бас ауруы, құлақтағы шу, бастың айналуы, күйзеліске түсу, қан тамырларының дистония ауруы, т.б. сырқаттар омыртқаның мойын бөлігімен тығыз байланысты. Өйткені ол жерде 7 омыртқа орналасқан.

Омыртқа аралық диск – бұл 84 пайызы судан тұратын шеміршек. Ол омырт-қаның амортизаторы болып саналады. Осы шеміршекте қан тамырлары болмайды. Шеміршек өзіне қажетті суды бұлшықеттерден алады. Бас аурулары иық, қол, мойын ауруларымен жалғасатындықтан, омыртқа артерияларына қан тасымалдайтын жаттығуларды үзбей жасап тұру қажет. Мұндайда турникке тартылу, еденнен тартылудың классикалық нұсқасын жасау, мидың қоректенуіне ықпал ететін көкірек бұлшықеттеріне арналған жаттығуларды (ол «пуловер» деп аталады) орындаған пайдалы. Гантел көтерген де дұрыс.

Дереккөз: alashainasy.kz

Ө. Сансызбай