Аяқтың қан айналымы

Аяқтың қан айналымы
Фото: griboknogtey.ru

Адам отырғанда, жүргенде, тұрғанда қан аяқтың күре тамырларымен жан-жақтан жүрекке қарай қозғалады. Өкшенің, жіліншік, мықын бұлшық еттері қимылдағанда жиырылады да, қан қозғалысын жақсартады.

Керісінше, адамның салмағы артқанда, үнемі биік өкшелі аяқ киіммен жүргенде, шылым тартқанда, аз қимылдағанда ағзадағы қан айналымын қиындатады, тіпті қан күретамырда тұрып қалады, тіндерде қалдықтар пайда болады. Соның салдарынан аяқ шаршайды, онда ісік ұлғаяды.

Биіктігі 7 сантиметр жіңішке өкше (каблук) тізе буындарына 26 пайызға дейін салмақ түсіреді. Ол аяқты остеоартрит ауруына ұшыратады. Биік өкшелі туфлиді күнде киіп жүргендердің буындары майысады, сирақ пен табан сіңірлерін әдеттен тыс шаршатады. Соның кесірінен табанда қан дұрыс айналмай, аяқ ісінеді. Негізінен, иілмейтін платформа аяқ киімдер өте зиянды деп саналады. Себебі мұндай аяқ киіммен жүргенде табан бұлшықеттері жұмыс істемей, қан айналымына көмектеспейді.

Артық салмақтың ағзаға, аяққа қосымша жүк екені мәлім. Аяқ жиі іскенде оған тек 35 градусты температурадағы ваннаны (бұлауды) ғана қолдануға болады. Алайда аяқты ыстық суда көп ұстамау қажет. Өйткені ол аяқтың күре тамыр ауруын асқындырып жібереді, оны флебрит ауруына шалдықтырады. Өзіңіз, аяғыңыз ыстық буды жақсы көрсе, әлсін-әлсін будан шығып, аяқты суық сумен шайып, шынықтырыңыз. Жылдың көп жүретін жаз айларында, кең аяқ киім кию қажет. Жеңіл кебістерді шұлықпен киеді.

Дереккөз: alashainasy.kz

О. Сансызбай