Адам ағзасы 39 жастан кейін қартая бастайды

Адам ағзасы 39 жастан кейін қартая бастайды
Фото: Food Forum

Жас келе адам ағзасы жұмысын баяулатып, қартая бастайды. Ал қартаю неше жастан басталатыны жайлы түрлі ғылыми болжам бар. Жақында АҚШ зерттеушілері адам ағзасы 39 жастан кейін ғана қартая бастайды деген тұжырым жасады.

Ұзақ уақытқа созылған зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша 39 жастан кейін адам ағзасында қартаюдың белгілері байқалады. Бұлшықет тінінің қалыпқа келуі баяулап, ойлау қабілеті төмендейді. Денедегі сүйектер бекемдігін жоғалтып, морт сынғыш болады екен.  

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы болса 44 жасқа дейінгі жандарды жас деп санауға болатынын алға тартады. Осыған дейінгі көп зерттеулерде адам ағзасы 30 жастан бастап-ақ қартая бастайтыны айтылып, жазылып жүрген еді.

Адам да табиғат дүниесіндегі басқа тіршіліктер сияқты қартаю, өлу кезеңін бастан кешіреді. Осыған дейін Лондон Университеті колледжінің қызметкерлері арнайы зерттеу жүргізіп, адам ағзасында ең бірінші жүректің қартаятынын мәлімдеген болатын. 

Ө. Сансызбай