Таңды шырынмен атыр

Таңды шырынмен атыр

Табиғи жеміс шырындардың пайдасы жайлы бәріне мәлім. Олардың түрлі шипаға ем боларын ешуақытта естен шығармаған жөн.

Өрік шырыны терінің қалпын жақсартады, бауырға жақсы әсер етеді және жақыннан көрмейтіндердің жанарын өткірлейді.

Ананас шырыны майларды кетіретін ғажайып эффектісімен қоса, сезімдерді күшейтетін тағы бір қасиетке ие екен.

Апельсин шырынында барлық жемістерге қарағанда С дәрумені көп болады. Есеңгіреп, невроз және ағзаның әлсіреуі кезінде өте пайдалы.

Жүзім шырыны қан аздық, туберкулез, ағзаның әлсіздігі мен әлсіреу кезінде көмектеседі. Балаларға өте пайдалы.

Шие шырыны ферменттерді іске қосады: бір стақан ішсеңіз, өзіңізді тойып тұрғандай сезінесіз.

Анар шырыны — ең пайдалы әрі ең қымбат шырын. Оның иммунитетті жақсартатын үлкен қасиеті бар. Сонымен қатар қан аздық, гипертония, атеросклероз бен өт жолдарының ауруларын, суық тигенде және бронхитті емдеуге көмектеседі. Ал сумен араластырған уақытта күйіп қалған жерді емдеуге болады. Анардың жемісі дәрумендерге, минералды тұздарға, клетчатка, қант, фитонцидтерге бай. Құрамында калория аз, май мен холестерин жоқ десе де болады. Анардың бес дәні алма, апельсинді толықтай алмастыра алады. Анар шырынын жиі ішкен уақытта терінің, шаштың қалпы жақсарып, бауыр мен өкпе, көкбауырға жақсы әсер етеді.

Грейпфрут шырыны — С дәруменінің қоры ғана емес, сонымен қатар зат алмасу процесі мен қан қысымын қалыпқа келтіреді.

Шабдалы шырыны жүрек ауруларымен ауыратындарға көмектеседі. Құрамындағы калий жүрек бұлшық еттеріне өте пайдалы.

Томат шырынында калория аз. Үй жағдайында жасалған шырында С дәрумені көп. Есте сақтау қабілетін жақсартады. Бірақ тұзды аз қосатындарға абай болу қажет, шырын құрамында натрий көп.

Алма шырынында темір көп. Құрамында сонымен қатар, калий мен бор бар – бұл сүйектерді қатайтуға көмектеседі.

Сурет: edabezvreda.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina