Омыртқа саулығын сақтаймын десеңіз...

Омыртқа саулығын сақтаймын десеңіз...
Фото: ponchikov.net

Компьютердің алдында көп отырған денсаулыққа зиян екені айтпаса да белгілі. Қажетті ақпаратты алу үшін немесе түрлі ойындарға үңіліп, ұзақ уақыт отырып қалғанымыз соншалықты – уақыттың қалай жылдам өткенін де аңдамай жатамыз. Көбіне көмпьютер алдында отырғанда омыртқаға салмақ түседі.

Компьютердің экранына үздіксіз қарап отырудан көзіңнің көруі нашарлайды. Қимылсыз отыра бергеннен омыртқаңа салмақ түсіп, өне бойың ауырлай бастайды. Омыртқаға салмақ түспес үшін төмендегі жаттығулар мен ережелерді естен шығармағаның абзал.

- Компьютер алдында отырғанда үнемі қозғалыста бол. Орындығың қозғалмалы болғаны да пайдалы.

- Отырғанда арқаңды түзу ұстауға тырыс.

-  5 минутқа үзіліс жасап, таза ауа жұтып қайтқан да көп көмегін тигізеді.

-  Арқа бөлігің мен бүйіріңді жиі уқалап, массаж жасаған да жаныңды сергітеді.

- Компьютерден тұрғаннан кейін омыртқаға арналған жаттығуларды жасаған жөн. Соның бірін айта кетейік.

Малдас құрып отырып, екі қолыңды тізеңе қой. Иығыңды тік ұстап, дәл алдыңа қара. Бұл – бастапқы қалып. Енді артыңда орналасқан заттарды көруге тырысып, басыңды оңға және солға қарай бұр. Осылайша қос қапталыңдағы заттарды 25 қайтара бақылап шық. Бұл жаттығу омыртқа саулығына аса пайдалы.

Жалпы омыртқа саулығын сақтау үшін мына ережелерді де біле жүрген артықтық етпейді.

- Ауыр заттарды жерден көтергенде, алдымен отырып барып, сосын көтер. Еңкейіп көтеруге болмайды. Бас айналып, қан қысымы жоғарылауы мүмкін.

- Арқаңды түзу ұстайтын рюкзактарды киіп жүрген дұрыс.

- Белтемірге ұзақ уақыт тартылып тұру – омыртқаны қалыпқа келтіреді.

- Жүзумен айналысқан пайдалы. 

B. ZHAQSYMBET