Диета ұстағандарға тәуліктің қайсы бөлігінде сақ болу керек

Диета ұстағандарға тәуліктің қайсы бөлігінде сақ болу керек
Фото: the-mediterranean-diet.com

Ұлыбритания ғалымдары артық салмақтан арылғысы келетін адамдар тәуліктің қай уақытында тамақты көп жеп қоятынын анықтады 

Кешке немесе түнде тамақ жейтін әдеті жоқ адамдардың өзі де толып кетуден сақтана алмайды. Британиялық диетологтар арықтағысы келетін адамдардың тамақты неге шамадан тыс жейтіні және ол тәуліктің қай бөлігінде болатынын анықтаған, деп жазады MIGnews.ru.

Сауалнамаға қатысқандардың 56%-ы асты артығымен ішуге стресс себепші десе, 26%-ы іш пысқандықтан тәтті жеп қоятындығын айтқан. Ал 8 пайызы жей беретін тамақсау әріптестерінің кесірі тиді деп мәлімдеген.

Адамдардың көп бөлігі сағат 15:00 мен 15:30 аралығында тоңазытқыштың ішіндегіні «тазалап» жеп қоятын болып шыққан, өйткені осы уақытта олар өзіне эмоциялық қолдау іздейді, деп санайды психологтар.

Дерек көзі:kazinform.kz

B. ZHAQSYMBET