Арқа ауруларына пайдалы тағамдар анықталды

Арқа ауруларына пайдалы тағамдар анықталды
Фото: google.kz

Арқа ауруларына ең пайдалы сүт тағамдары екен. Бұл туралы неміс ғалымдары ғылыми сараптамалық қорытынды жасады.

Ғалымдар арқа ауруларына пайдалы тағамды анықтау мақсатында ұзақ уақыт зерттеу жүргізген. Арқа аурулары мазалайтын адамдарға тәжірибе жасап, әрқайсысына түрлі тағамдарды тұтынуға кеңес берген. Қорытындысында сүт тағамдарын көп тұтынғандардың денсаулығы жақсарған.

Сүт тағамдары (айран, сүт, ірімшік және т.б) дене жасушаларын қалпына келтіріп, сүйекті қатайтады екен. Ал бұл тағамдар құрамындағы дәрумендер арқаға пайдалы деген қорытындыға келіп отыр. Сондай-ақ, неміс ғалымдары ересек адам күніне 2 литр су ішуге кеңес беруде. Бұл адамның омыртқасына пайдалы екен.  

Ө. Сансызбай