Көңілі қаламаған жұмыс адам үшін қауіпті

Көңілі қаламаған жұмыс адам үшін қауіпті
Фото: peerwell.co

Егер адам мансабын жақсы көрмейтін жұмысынан бастаса, бұл адам ағзасында өшпейтін дақ қалдырады, деп мәлімдеді Огайо университетінің ғалымдары. Олар 25-39 жас аралығындағы 6432 еріктіні бақылаған. Атап айтқанда, жұмысына риза болу деңгейі 1-ден 4-ке дейін бағаланды.

Адамдарды алған балл бойынша төрт топқа бөлді. Шамамен 45 пайызы жұмысына тұрақты риза емес, ал 23 пайызында қанағаттану деңгейі мансабы қалыптасуына қарай төмендеген. Ал 15 пайызы тұрақты риза, 17 пайызының жұмысқа қатынасы жақсарған.

Жұмысқа қанағаттанбаудан көбінесе жан ауруы пайда болған. Егде жаста  ұйқы қашу, күйзеліс, уайымшылдық жүрек-қан тамырлары дерттеріне, ауытқуларға алып келеді. Сондай-ақ жұмысын жақсы көрмейтіндерде суық тию, арқаның ауыруы көбірек кездескен.

Дереккөз: inform.kz

Е. Жұмабайұлы