Көк шайдың пайдасын білесіз бе?

Көк шайдың пайдасын білесіз бе?
Фото: google.kz

Көк шай пайдалы ма? Бұл сұрақ төңірегінде әркімнің ойы әртүрлі. Біреулер көк шайдың пайдалы қасиеттеріне таңданса, оған қарама-қарсы пікірдегілер де жоқ емес. Алайда көптеген диетологтар бұл табиғи антиоксидантты барлық адамдарға ұсынады. Өйткені көк шайдың зат алмасуды жақсартатын қасиеті бар, бұл артық салмақтан арыламын деушілер үшін пайдалы екені белгілі.

Дәрігерлер мен косметологтардың ынтымақтастығының арқасында көк шайдың тиімділігі көбінесе ғылыми зертханаларда зерттеліп келеді. Көп сөзге қарағанда, жеке тәжиірбе жақсы болар еді. Бұл тәжиірбе былай орындалады: таңертең бір кесе көк шай ішу, сізге 80 калориядан құтылып, кем дегенде, жарты күн күшті энергиямен жүруге көмектеседі. Орындап көруге кеңес береміз!

Тері ауруларын сипаты мен себептерін зерделеп, емдеу әдістерін зерттейтіндер көк шайдың тері ауруларын емдеуде оң әсерін тигізетінін дәлелдеді. Мысалы, безеуді емдеу. Көк шай бұл ауруды ағзаға ешқандай кері әсерін тигізбей және қысқа уақытта емдей алатын болып шықты. Сонымен қатар бұл әдіс косметикалық өнімдерден артық, тиімді және арзан.

Алайда көк шай тері мәселесінде ғана емес, тағы да басқа ауруларды емдеуде белсенділік танытады. Одан бетке арналған табиға ылғалдандыратын косметикалық өнім жасауға болады. Сіз теріңіздің жақсы күйін ұзақ уақыт сақтағыңыз келсе, көк шайға лосьон қосыңыз. Нәтижесінде қартаюға қарсы тамаша құрал пайда болады. Сонымен қатар көк шай қымбат ауыз шайғыштардың (ополаскиватель) орынын баса алады. Оны тұрақты түрде пайдалану тынысыңызды ашып, ауыз-қуысын бактериялардан қорғайды.

Ыстық көк шай бас ауруы мен шаршауды бірнеше минутта жояды. Ал қайнаған көк шайдан жасалған ванна бактериялардан құтылуға көмектесіп қана қоймай, тырнақтың белсенді өсуі үшін жағдай жасайды.

Дереккөз: anabol.kz

Г. Берік