Жүгіру ми жұмысын жақсартады

Жүгіру ми жұмысын жақсартады
Фото: joinfo.ua

Спорт пен қарапайым физикалық жаттығулар адамдардың когнитивтік мүмкіндіктерін жақсартады. Америкалық Ұлттық иституттың ғалымдары физикалық жаттығулар ми жасушаларына қалай әсер ететінін анықтады.

Физикалық жаттығулар есте сақтау қабілеті мен жалпы мидың жұмысын жақсартатыны баршаға аян. Алайда бұл немен байланысты екені жуырда ғана анықталды. Биологтар спортпен белсенді түрде шұғылданғанда ми жасушаларының өсуіне септесетін катепсин B деп аталатын ақуыздың шамадан көп бөлінуімен байланысты не болатынын анықтады. 

Зертханалық зерттеуде кемірушілер пайдаланылды. Тышқандарды екі топқа бөлді. Бірінші топтағы тышқандарда бұл ақуыздар қалыпты түрде қалыптасты, ал екіншіде бұл мүмкіндікке тосқауыл қойды. Кейін кемірушілерді бассейннен платформаға жол табуы бойынша тексерді.

Нәтижесінде, алғашқы топтағы тышқандар бұл тапсырманы кедергісіз орындады, ал екінші топта қиындықтар туындады. Ғалымдар жүгіретін адамдардың есте сақтау қабілеті жақсырақ болады деген тоқтамға келді.

Дереккөз: inform.kz

Е. Жұмабайұлы