Диареядан арылу

Диареядан арылу
Фото: medicofamiglia.com

Диарея дұрыс тамақтанбау, қолайсыз орта, күйзеліске толы жағдайдан туындайды. Ағза оған түскен жағымсыз заттарды қуу үшін диарея пайда болады. Әсіресе жаз айларында өте қауіпті. Піспеген жеміс-жидек, тоңазытқышта сақталмаған тамақтан дәл қазіргі маусымда сақтану тиіс. Диарея кезінде тағы не істеу керек?

Мөлдір сұйықтық ішу

Диарея кезінде көп сұйықтық ішу керек деп жатады. Бірақ, барлық сұйықтық атаулы бұл дертке ем бола бермейді. Негізінде мөлдір сұйықтықтарды көп ішу керек екен. Мөп-мөлдір шай, сорпа, шырын ішкен пайдалы. Ал цитрусты және томат шырынынан алшақ болған дұрыс.

Табиғи йогурт ішу

Йогурт сұйықтықтар қатарына жатса да, оның табиғилығы бұл тізімнен шығып қалады. Йогурт пен айран ас қорыту жүйесіндегі диареяға себепші болып тұрған бактерияны түсіруге көмектеседі.

Қант қосу

Глюкоза ағзадағы сұйықтықтарды тез жинап алады. Қант қосылған шай, тәтті алма шырыны – диарея кезіндегі таптырмас ем.

Жасұнықтан қашу

Құрамында жасұнық (клетчатка) және күрделі көмірсу бар тағамдарды жемеген абзал. Ағза диареямен ауырып тұрған кезде қорытылуы қиын тағаммен қинамаған дұрыс. Бұл уақытта жеңіл диета ұстанған да артық етпейді: ақ нан, суға піскен сәбіз, терісі алынған тауық еті және банан. 

Г. Берік