Сұлы ботқасы — сұлулық сыры

Сұлы ботқасы — сұлулық сыры
Фото: evehealth.ru

Сұлы ботқасы (овсяная каша) басқа ботқалармен салыстырғанда ең пайдалысы. Сұлы ботқасы шотландықтардың ұлттық тамағына айналып, голливуд жұлдыздарында әйгілі, кеңінен тараған ас болып табылады екен.

Сұлы — астық тұқымдас дәнді дақылдарға жататын бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Дәнінің құрамында ақуыз, май, крахмал, жасұнық, В1, В2, РР, Е дәрумендері, марганец, кремний, кальций, фосфор бар. Сұлы ішектерді артық шлактардан тазартып, іш ауырып, кебінгенде қолданылады. Гастрит, асқазан жарасы, қатерлі ісіктің дамуын тежейді. Сұлы биотин дәруменіне бай болғандықтан теріге пайдалы, дерматит ауруына шалдықтыртпайды. Беттің барқыт тәрізді жұмсақ болуы үшін жағатын маскалар да дайындауға болады.

Дереккөз: anabol.kz

Г. Берік