Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / Биік тақа: кию не кимеу?

Биік тақа: кию не кимеу?

Биік тақа: кию не кимеу?

Сұлу көріну үшін әйел баласы құрбандыққа барып жатады. Тіпті денсаулығын зая етіп, күні бойы биік өкшемен жүруге бар. Биік тақалардың жанкүйерлері оның аса зиянсыздығын айтып, үйреніп кетуге болады деп жар салады. Шынымен солай ма екен?

Табиғат ана жүрген кезде бар күш табанның барлық бөлігіне түсетіндей етіп жаратқан. Өкшені тақаға тұрғызу арқылы біз бар күшті бармақтарға түсіреміз. Тіпті кішкентай тақаның өзі саусақтарға түсетін күшті 22%-ға арттырады, ал жетісантиметрлі тақада ол екі есе ауыртпалық алады. Бірақ биік тақа киіп, өзін жақсы сезінетін қыздар аз емес. Бұны табанның анатомиялық құрылысымен түсіндіруге болады. Қалай болғанда да, мамандар 8 сантиметрден жоғары тақалы аяқ-киімді аптасына 2-3 реттен көп кимеуге кеңес береді.

Үнемі биік тақалы аяқ-киім кигенде, мынадай проблемаларға ұшырауыңыз мүмкін:

  1. Табанның бергі жағында сүйелдер пайда болуы. Өйткені бұл жерге салмақ көп түседі де, қан айналу жүйесі бұзылады.
  2. Табан мен бақай айналасындағы сүйектің деформациялануы. Аяқтың ұшына түсетін күштен сол аймақ жайпақтанып, ал бас бармақтың сүйегі үлкейе бастайды. Балериналардың әдісі: сүйек үлкейіп кетпес үшін, ауыр жұмыс күнінен кейін бақайыңыз бен екінші бармағыңыздың арасына кішкентай жастықша немесе дәріханаларда сатылатын арнайы силикон құрылғыны салып қойыңыз.
  3. Бармақтардың деформациялануы. Биік тақада жүргенде бармақтар аяқ-киімнің ұшына тіреліп тұрады. Бармақтар өзгеріске ұшырап, қисайып, формасын жоғалтуы мүмкін.
  4. Бармақтардың тартылып қалуы мен тізе бұлшық еттеріне салмақ түсуі.
  5. Бел ауруы, кейде тіпті радикулит. Шпилькада жүрген уақытта бар салмақ алдыға қарай түседі, ал өзіңді тік ұстау үшін қосымша бұлшық еттерді іске қосу керек. Мұндай жағдайда бірінші кезекте бел зардап шегеді.
  6. Ахиллес сіңірінің зақымдануы. Егер табан әрдайым биік тақада жүрсе, ахиллес сіңірі ештеңе сезбейді, иілгіштігінен айрылады. Нәтижесінде, тақаны шешіп, аяғыңызды еденге қойсаңыз, сіңір созылғандай ауруды сезінесіз. Сол үшін биік тақалы аяқ-киім киіп үйреніп қалған арулар балетка киіп жүре алмайды.

Алайда биік тақалы аяқ-киімдердің сырт келбетті сұлулыққа бөлейтін ерекше қасиеті бар:

  • Ол аяқтарды сымбатты етіп, бойды ұзартады.
  • Сырт көзге аяқтарды ұзын етіп көрсетеді.
  • Биік, жіңішке тақалы аяқ-киімдегі қыздардың жүрісі нәзік, ал бұл еркектердің көзінше оларды қорғансыз көрсетіп, тартымды етеді. Жапон гейшалары, мысалы, биік платформалы гэтаны дәл осы биязылығы мен әлсіздігін көрсету үшін киеді.
  • Биік тақада жүріп-тұру үшін иықтарды тік ұстап, бар салмақты белге салу керек болады. Ал бұл пішінге сымбаттылық пен сенімділік береді.
  • Биік өкшелі аяқ-киім кигенде денені теңгеру үшін жамбасты әрі-бері тербете жүру керек болады. Ал мұндай жүріс еркектердің есін кетіреді.

Суреттер: liveinternet.ru, vk.com

Дайындаған: Анар Мұстафина

1668 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 27 тамыз 2012, 09:40
Пікірлер
+0
27 тамыз 2012, 11:20

:lol: жақсы қасиеттері дұрыс айтылған.Кейбір қыздар киіп алып,жүре алмай келе жатқанын көресін,тізесі бүгіліп ерсі жүреді. Ондай қыздарға алдымен үйде жүріп үйрен деу керек. Дегенмен биік тақалы аяқ киімдер әр бойжеткеннің гардеробында болу керек.

+0
27 тамыз 2012, 19:28

озим бик така 3 кластан бери кием каз 8 окиндеватр! Бирак балетканы да кие алам!

+0
04 қыркүйек 2012, 15:46

бик кие берем

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...