Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / Көзіңізді қорғаңыз

Көзіңізді қорғаңыз

Көзіңізді қорғаңыз

Әр күн сайын, офиске келіп, бір шыны кофе құйып, әдеттегідей компьютерді қосқанда күні бойы көзімізге қаншалықты ауыртпашылық түсетінін ойламаймыз.

Үйде – теледидар, ноутбук, кейде гаджеттерден кітап оқудан да тайсалмаймыз. Шаршаңқы көздер, сөнген жанар мен көз айналасындағы қара түнек қазіргі уақытта 80 жасар кемпірлерде ғана болмайды.

Бар-жоғы 20 жыл бұрын біз таңғажайып электрондарсыз өмір сүрдік. Ал қазіргі уақытта оларсыз өмірді елестету тіптен қиын. Және де компьютерлер мен айфондардың ғасырында көз көру қабілетім мықты деп көп адам мақтана алмас.

Тіпті кішкентай балалардың өздерінде көз көру қабілеті нашарлап кеткен. Әлбетте бұл проблемада электронды ғажайыптардың әкелген зардабы мол, сонымен қатар аурудың алдын алуға ешқандай жұмыс жасалмауында.

Кез келген монитордағы сурет – бұл миллион сәулелер арқылы бейнеленеді. Көзіңізге күш түспейді деп ойласаңыз да, қателесесіз. Өйткені көз сурет немесе жазуды көру үшін барлық жарқыраған сәулелерді сүзгіден өткізіп, бірнеше рет әрбір сәулені қабылдауы керек. Бұл ұзақ ақ қар немесе судың жылтылдағанына қарап отырумен тең. Кішкентай ұялы телефоннан кітап оқитындар да бар. Оқу үшін айфонның экраны да кіші болады. Сонымен қатар экран тоқтаусыз дірілдеп тұрады – бұл да көзге салмақ болып түседі. Егер электронды кітап оқығыңыз келсе, арнайы құрылғы сатып алғаныңыз жөн.

Монитордың алдында қалай отырасыз, назар салыңыз. Бір жағыңызға қисайып, бүкірейіп отыру мойын бұлшық еттерінің құрысуына алып келеді – ал бұл өз кезегінде бас миында қан айналымын әлсіретеді – көз көру қабілеті нашарлайды. Көзіңізді жиі жыпылықтатуға тырысыңыз. Салыстырып көріңізші, сіз далада минутына 20-25 рет көзіңізді жыпылықтатасыз, ал монитор алдында отырғанда  тек төрт-бес рет қана. Көз ұзақ уақыт бойы ашық тұрса, жас пленкасы құрғап, көзде құм бардай сезім пайда болады, қызарып, қышиды.

Көзіңізді демалдырып, денсаулығын арттыру үшін күніне бір рет және жатар алдында қарапайым жаттығуларды жасап тұру қажет:

7 жаттығу

1. Көз жанарын көлденең оңнан солға қарай қимылдатыңыз.

2. Ал енді тігінен – барынша үстіге және барынша астыға түсіруге тырысыңыз.

3. Көз жанарын сағат тілі бойымен қозғалтыңыз, кейін кері қарай.

4. Барынша тез ырғақта көзіңізді барынша қатты жұмып, қайта қалпына келтіріңіз.

5. Диагональ қимылдар: көз жанарыңызды сол жақ бұрышқа әкеліп, кейін жанарыңызды тігінен үстіге көтеріңіз. Дәл солай кері қарай жасаңыз.

6. Көзді мұрынға әкелу. Саусағыңызды көзіңізбен бақылай отырып, мұрныңызға әкеліп, көзіңізді барынша қылилатуға тырысыңыз. Асықпай жетіге дейін санаңыз.

7. «Алыс-жақын». Терезеге жақындап келіңіз, жақын жерде жатқан, жақсы көрінетін затты бақылаңыз. Кейін өте алыста жатқан заттарды көруге тырысыңыз.

Әрбір жаттығуды 5 рет қайталау керек. Бұл, негізінде, көп уақытыңызды алмайды. Бірақ әкелер пайдасы өте зор.

Суреттер: kakpravilno.info, narodnaymedicina.blogspot.com

Дайындаған: Анар Мұстафина

4099 0
Рейтинг: +4

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 23 тамыз 2012, 13:01
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...