Шылым қораптарының жаңа түріне аурулардың суреттері салынады

Шылым қораптарының жаңа түріне аурулардың суреттері салынады

2013 жылдың сәуір айында Қазақстанда темекі өнімінің шылым кесірінен туған аурудың суреті жарияланған қораптары шықпақ.

Алдын ала ұсыныс жасалған соң, ҚР үкіметі шылым қораптарына одан келетін қауіпті ескертетін суреттің болуына келісім беріп, қаулы шығарған. Бұл жөніндегі құжаттар қаулы қабылданғаннан бері 18 ай бойы өз күшінде. Демек, келер жылдың сәуір айынан бастап әрбір шылым тұтынушы қазақстандық дүкендер мен дүңгіршектерден сатып алған шылымның қорабынан өзіне қауіп төндіріп тұрған дерттің суретін көре алады. Қорапта эмфизема ауруының жеңіл түрінің, миокард инфарктісінің және гангренаның т.б. дерттердің суреттері тұратын болады.

«Шылым қораптарына пиктография жасап, жағдайды реттеу үшін Қазақстан үкіметінің қаулысы ары қарай өрлеуге жол ашуда. Күткеніміздегідей шылым қораптары 2013 жылы сәуір айында сауда айналымына шығады», - деп хабарлады ҚР Денсаулық Министрлігінің арнайы пресс-қызметі.

Осы тауар түрі айналымға шыққан соң, пиктографияны көрген бір миллионға жуық қазақстандық шылым шегуден бас тартады деп күтіліп отыр. Ендеше, іске сәт!

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: arhimed51.ru, profi-forex.org

А. Әбілхан